144
тіліміздегі
ұрпақ‚ ұрық‚ үрім (үрім-бұтақ)‚ өрен‚ өркен‚ өрші‚ өрбі т.б.
сөздерді төркіндес‚ түбірлес десек‚ ортақ түбірі
өр екенін көреміз Ал бұл
сөздің түбір күйіндегі жеке қолданысын Л.Будагов сөздігінен табамыз:
өр (түрік тілі диалектісінде) - “көбею”‚ “бала туу”.
Өрімдей жасқа
тікелей қатысты бұл
өр түбірі
өресі биік тіркесіне де негіз болып тұр.
Өйткені одан (
өр түбірінен) туындаған сөздердің бірі жоғарыға қарай
(вертикаль бағытта) «биіктеу» (
өр‚ өрле‚ өркеш т.б.)‚ ал екіншісі көлбеу
бағытта (горизонталь) «таралу»‚ «жайылу»‚ «көбею» (
өркен‚ өріс‚ т.б.)
мағынасын беріп тұр >
АРЫСТАЙ АЗАМАТ< арыс сөзінің көне əрі алғашқы мағынасы-
ның бірі – “арба-шананың көлік жегетін қос жетегі‚ тертесі”. Мысалы:
Доңғалақ арба жүре алмас‚
Қос арысы сынған соң (“ІІІ ғасыр жырлайды”)
Осыдан келіп‚
арысқа түсті деген тіркестің “екі ел арасындағы
дау-шарға араласты”‚ “айтысты”‚ “жарысқа түсті”‚ “бөсекелесті” секілді
ауыспа мағыналары туындаған. Сол сияқты “ерлі-зайыпты”‚ “жұбай”
мөнін білдіретін екі арыс тіркесін де осы тұрғыдан түсіндіруге болады.
Сол секілді
арыс сөзінің “үйдің төбесін жапқан өрімдерді көтеріп
тұрған көлденең ағаш‚ бел ағаш” мағынасы да бірнеше ауыспалы мəн-
дер туғызған. Соның бірі -– “білікті”‚ “қадірмені”‚ “абзал” деген ма-
ғынасы. Мысалы: “ – Арысым-ай‚ арыстаным‚ бауырым-ай‚ - десіп кү-
ңіренеді” (М.Əуезов, Абай жолы) >
ШҮЙГІН< майдың‚ шырынның‚ нəрдің бір жерге жиналуын‚
жиылуын білдіреді. Осы мағына оны
шүйде (түйенің майы жиылған
жері)‚
шүйке (шашы жиналған жері)‚
шүйіл (бір нөрсеге қарай құлдырау‚
бағыт алу) сөздерімен жалғастырады. Қырғыз тілінде
чуйлу - “ястреб”‚
“тетерявятник”‚ т.б. Ал бұларға ортақ түбр -
шүй етістігін іздестірсек,
эпостардан‚ жыраулар шығармаларынан табамыз. М.:
Айдын шүйсең‚
тарлан шүй (Шалкиіз). >
Достарыңызбен бөлісу: