Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет80/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
КҮДЕР//КҮДЕР  ҮЗУ  фольклорлық  шығармалардағы  ақындар 
туындыларындағы  күдер  сөзінің  мағынасы - “төзімді‚  мықты‚  берік”‚ 
“өбден  иі  қонып  жұмсарған  тері”.  Ал  Н.И.Ильминский  сөзіндегі  күде-
рі – “иленген түйе терісінен жасалған портупея”‚ К.К.Юдахин сөздігінде 
күдеру – “замша‚  кожа  очень  мягкой  выделки”  деп  көрсетілген. 
Тіліміздегі  күдері  бау‚  күдері  қайыс‚  күдері  жылқы  т.б.  тіркестерде 
осы мағыналардың “жаңғырығы” бар. Осы сөздің бейнелі‚ теңеу мəнде 
жиі  жұмсалуы  бірте-бірте  “үміт  үзу”‚ “түңілу”  деген  ауыспалы  ұғым-
ды білдіретін күдер үз тіркесін туғызған >
ӨРЕСІ БИІК Өре сөзінің мағынасы - “құрт‚ ірімшік кептіру үшін 
ағаштан жасалған биік сөре”‚ оның түбірі - өр сөзі. Өр сөзінің: 1) “биік”‚ 
“көтеріңкі  жер”  жөне 2) “көтерілу”‚ “тарау”‚ “көріну”  мағыналары 
бар.  Өр  сөзі  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінде  ұшырасады.  Бұлт 
өріп‚ көк өртүлдү - “Бүлт жайылып‚ аспанды торлап алды” [МК I‚ 139 
б.].  Осы  мағына  бұл  тіркесті  (өресі  биік)  өркенің  өссін  оралымымен 
жақындастырады.  Тіліміздегі  “өсімдік  сабағындағы  бүршіктер  түбесі-
нен пайда болған желі” деген мəндегі өркен сөзі өзге де көптеген түркі 
тілдерінде  ұшырасады.  Мысалы‚  осы  тұлғалы  сөз  бірде  “киіз  үйдің 
негізгі‚ ағашы қойылатын биік жер” [РадСл. I‚ 28 б.]‚ бірде “тақ” [ДТС‚ 
388  б.]‚  ал  енді  бірде  “сөулетті  сарай‚  билеушінің  ордасы”  мəнінде 
жұмсалатынын көреміз. Сонымен сөз түбіріне үңілу өр‚ өрбі‚ өре‚ өрле‚ 
өрмеле‚ өркен‚ өркеш‚ өрелі‚ өрен‚ өріс т.б. сөздерге негіз болған ортақ 
мағына “жоғары”‚ “биік”‚ “кең”‚ “көтерілу”‚ “таралу” т.с.с. екенін‚ одан 
мағынасы  кеңіген‚  метафоралық  мəні  қоюланған  өркенің  өссін‚  өресі 
жету‚ өрелі сөз‚ өркен жаю‚ жас өрен‚ т.б. тіркестердің туындағанын 
көрсетеді 
ӨРІМДЕЙ ЖАС< моңғол тілінде урум - “ұрық”‚ “тұқым”‚ “нəресте” 
мəніндегі  сөз. (Тіліміздегі  үрім-бұтақ  қос  сөзінің  алдыңғы  сыңарын 
осы сөзбен салыстыруға болады). Əрине‚ өрім сөзінің моңғол тіліндегі 
қолданысына қарап, оны моңғолдық деп айтуымызға негіз жоқ. Өйткені‚ 


144
тіліміздегі ұрпақ‚ ұрық‚ үрім (үрім-бұтақ)‚ өрен‚ өркен‚ өрші‚ өрбі т.б. 
сөздерді төркіндес‚ түбірлес десек‚ ортақ түбірі өр екенін көреміз Ал бұл 
сөздің  түбір  күйіндегі  жеке  қолданысын  Л.Будагов  сөздігінен  табамыз: 
өр  (түрік  тілі  диалектісінде) - “көбею”‚ “бала  туу”.  Өрімдей  жасқа 
тікелей  қатысты  бұл  өр  түбірі  өресі  биік  тіркесіне  де  негіз  болып  тұр. 
Өйткені  одан  (өр  түбірінен)  туындаған  сөздердің  бірі  жоғарыға  қарай 
(вертикаль бағытта) «биіктеу» (өр‚ өрле‚ өркеш т.б.)‚ ал екіншісі көлбеу 
бағытта (горизонталь) «таралу»‚ «жайылу»‚ «көбею» (өркен‚ өріс‚ т.б.) 
мағынасын беріп тұр >
АРЫСТАЙ  АЗАМАТ<  арыс  сөзінің  көне  əрі  алғашқы  мағынасы-
ның бірі – “арба-шананың көлік жегетін қос жетегі‚ тертесі”. Мысалы: 
Доңғалақ арба жүре алмас‚
Қос арысы сынған соң (“ІІІ ғасыр жырлайды”)
Осыдан  келіп‚  арысқа  түсті  деген  тіркестің  “екі  ел  арасындағы 
дау-шарға араласты”‚ “айтысты”‚ “жарысқа түсті”‚ “бөсекелесті” секілді 
ауыспа  мағыналары  туындаған.  Сол  сияқты  “ерлі-зайыпты”‚ “жұбай” 
мөнін білдіретін екі арыс тіркесін де осы тұрғыдан түсіндіруге болады.
Сол  секілді  арыс  сөзінің  “үйдің  төбесін  жапқан  өрімдерді  көтеріп 
тұрған көлденең ағаш‚ бел ағаш” мағынасы да бірнеше ауыспалы мəн-
дер  туғызған.  Соның  бірі -– “білікті”‚ “қадірмені”‚ “абзал”  деген  ма-
ғынасы. Мысалы: “ – Арысым-ай‚ арыстаным‚ бауырым-ай‚ - десіп кү-
ңіренеді” (М.Əуезов, Абай жолы) >
ШҮЙГІН<  майдың‚  шырынның‚  нəрдің  бір  жерге  жиналуын‚ 
жиылуын  білдіреді.  Осы  мағына  оны  шүйде  (түйенің  майы  жиылған 
жері)‚ шүйке (шашы жиналған жері)‚ шүйіл (бір нөрсеге қарай құлдырау‚ 
бағыт алу) сөздерімен жалғастырады. Қырғыз тілінде чуйлу - “ястреб”‚ 
“тетерявятник”‚  т.б.  Ал  бұларға  ортақ  түбр - шүй  етістігін  іздестірсек, 
эпостардан‚  жыраулар  шығармаларынан  табамыз.  М.:  Айдын  шүйсең‚ 
тарлан шүй (Шалкиіз). >


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет