ҚҰН // ҚҰНЫҚ “Дəніккеннен құныққан жаман” дегендегі “құн–
тонау‚ ұрлау; құнық– тонаушы” [ДТС‚ 446 б.].
ШЕШЕК парсы тілінен ауысқан “гүлдің” актив қолданысқа түс-
кеннен кейін мағынасы беймəлім сөзге айнала бастады. Шешек сөзінің
төркінін іздестіре қалсақ‚ оны да монғол тілінен (оларда – цэцэг) ауыс-
қан деуіміз ықтимал.
ТЕБЕН монғол тілінде тойв‚ буряттарда тойбо– біздегі “үлкен”
сөзімен мағыналас. Ішкі фонетикалық заңдылықтарға сай ықшамдалып,
осы түбірмен ине сөзі тіркеске түсіп‚ тебен тұлғасы пайда болған.
Б.И.Вербицкидің алтай-алада сөздігінде Тебінге– “үлкен ине” деп
түсіндірілген.
БҮЛДІРГЕ Қазақ тілінің “Түсіндірме сөздігінде” “бүлінген елден бүлдірге алма” мақалы келтіріліп‚ бірінші сөзге – «бұзылу»‚ «құлау»‚
«қирау»‚ ал екіншісіне (бүлдіргеге) “қамшы‚ сойыл‚ шоқпарға тағыла-
тын қайыс белбеу” деген анықтама берілген.
Қазіргі тілімізде мұның мағынасы “сөздікте” берілген түсініктей
екені даусыз. Бірақ тұңғыс-манчыжұр тілдерінде булөөн сөзінің “жау”‚
“жауласу”‚ “соғыс”‚ “соғысу” сияқты да мағыналары бар екенін
көреміз[ССТМЯ‚ 109-110 б.].
Туба-кижилер тілінде бүлдүргі сөзі қазіргі біздің түсінігіміздегі
“əшекей” дегенге ұқсайды. Осы деректерге сүйене келіп‚ “бүлінген елден бүлдірге алма” тіркесінің тұңғыш мағынасы – “Жеңілген жау елінен
əшекейлі зат алма” болса керек деп ойлаймыз.