Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет88/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   144
ӨМІЛДІРІК  Өм  сөзінің  алғашқы  тұлғасы  кейбір  түркі  тілдерінде 
кездесетін  өмген‚  омых‚  омыр  сөздерімен  тамырлас.  Шағатай  тілінде: 
өмген«аттың кеудесі»; қазіргі хақас тілінде омып‚ омых тұлғалы сөздер 
де  “аттың  кеудесі”  мағыналарында  қолданылады,  тіпті  моңғол  тілінің 
дерегінде де омруу тұлғалы сөз бар.
Шағатай‚ хақас тілдеріндегі өмген‚ омых сөздерінің тек жылқының 
кеудесімен  байланысты  қолданылуы  қазақ  тіліндегі  өмілдірік  сөзіндегі 
өм  түбірін  солармен  байланыстыруымыздың  дұрыстығын  білдіреді. 
Қорыта айтсақ‚ өмген не омых, омыр сөздерінің біріне ілдірік тұлғасы-
ның  қосылуы  арқылы  (өмген - ілдірік  немесе  омых - ілдірік‚ (ом(ых) 
ілдірік - өмілдірік‚  өмілдірік) “өмілдірік”  атауы  пайда  болған.  Мұны 
ертедегі  түрк  жазба  ескерткіштері  де  қуаттайды:  өмген - кеуденің 
жоғарғы жағы‚ ең - алдыңғы жағы [ДТС‚ 3-385]. Моңғол тілінің мəліметі 
де  осыны  айқындай  түседі:  өмне–«алды‚  алдыңғы  жақ» [ҚазМС‚ 24]. 
Тіліміздегі өңмен сөзінің де алғашқы мағынасын осы “алды‚ алдыңғы” 
сөзімен ұшырастыру дұрыс тəрізді.
ДЕЛБЕ Ерте кезде делбені тек қайыс баудан жасау міндетті емес‚ 
оны  қыл  мен  жүнді  араластырып  ескен,  арқаннан  да  істеуі  ықтимал. 
Бізді бұл ойға жетектеп отырған - сақа тілінің дерегі. Сақа тіліндегі бір-
де  дэлбэргэ‚  кейде  дэлбиргэ  тұлғасында  кезігетін  Э.Пекарский  жасаған 
сөздікте - жылқының  ақ  түсті  жалынан  ескен  арқан‚  ал  қазіргі  сөздік-
те –«жылқының  ақ  түсті  қылынан  жасалған  арқан»  мағыналарын  бе-
реді [48, 188]. Егер делбе сөзінің түбірі бір буынды дел деп жорамалда-
сақ‚ сөз төркініне жол ашылатындығы байқалады. Əсіресе‚ Э.Пекарский 
сөздігінде кездесетін‚ жал сөзін нысанаға ала төркіндетсек‚ онша адаса 
қоймайтын  сияқтымыз.  Делбе  боларлық  бауды  қайыстан  емес‚  жылқы 
жалынан күзеп алған қылдан есіп жасауы да бекер болмас. Ал жал сөзі 
туваша - чел; саха тілінде - сиэл; моңғолша - дэл; қалмақша - дел. Моңғол 
тілінде біздегі делбе сөзі дэлбег болып келеді [ССТМЯ I‚ 282]. 
«Жал» мағынасын беретін дел тұлғасы ерте кездерде моңғол‚ түрк 
тобындағы тілдерде ортақ болған да‚ кейін уақыт озған сайын əр тілде 
дыбастық өзгерістерге душар болу нəтижесінде қазіргі кезде қазақша - 
жал‚ туваша - чел‚ саха тілінде - сиэл‚ қалмақша - дел‚ моңғолша - дэл 
тұлғаларына дейін жеткен. 


150
Осылайша  алғаш  жалдан  жасалған  əбзел  өз  атауын  соны  да-
йындаған  заттан  ауысып  алған.  Оны  делбе  не  делбег  тұлғасына  дейін 
қалыптастырған - бе‚ бэг жұрнағы. 
ЖАБЫ Түсіндірме сөздіктегі анықтамасы бойынша‚ бұл сөз “қазақы 
жылқының  байырғы  қара  байыр  тұқымы”  деген  мағынаға  ие.  Сөздік-
тегі мысал: “Жалы бар деп жабыдан айғыр салма” (мақал). Мақалдағы 
алтай‚ төлеуіт тілдерінде йабы–«жүдеген»‚ «арықтаған»‚ «жарамсыз»‚ ал 
қазан татарлары‚ қырғыз жəне бараба татарларында йабык–«арықтау»‚ 
«жүдеу»‚ «əлсіздену»  деген  мағыналарды  береді.  Йабы  жəне  йабык 
сөздері  жабы  тұлғасына  жақын  келетіні  даусыз.  Жылқының  бұл  түрі 
онша реңді бола бермейтінін ескерсек‚ “жарамсыз” сияқты мағыналар-
дан  да  алшақ  кетпейді.  Ендеше  жабы-ны  йабы  сөзінің  дыбыстық  түрі 
деп қарап‚ оның төркіні түрк тілдері деу орынды.
Алайда жүйесі басқа тілдің елеңдетер дерегіне тап боламыз. Парсы 
тілінде  бұл  сөз  үнемі  жылқы  сөзімен  тіркесте  көрінеді:иабу- 1. «жүк 
артатын‚ жүк таситын жылқы»; 2. «тұқымы нашар‚ көтерем ат» [ПерРС 
ІІ‚ 738]. Қазақ  тілінде  де  жабы  көбіне-көп  жылқымен  байланысты 
қолданылады.  Бірақ  сөз  төркінін  парсы  тіліне  апарып  тіреуге  күмəн 
тудырарлық  тағы  бір  себеп  бар  сияқты.  Ол - парсы  тіліндегі  йабу-дың 
екінші  мағынасында  кездесетін  “көтерем”‚ “арық”  мағыналары.  Осы 
мəліметтерді салыстырсақ‚ жабы сөзінің алғашқы төркіні түрк тілдері 
болған жəне ол ертеде тек жылқы‚ ат сөздерімен тіркесіп қана қоймай, 
басқа да атаулармен жанаса алған.
Бұдан шығатын қорытынды - түрік тілдері меншігіндегі жабы сө-
зі  парсыларға  ауысып‚  онда  текжылқы  сөзімен  тіркескен  де‚  қазақ  ті-
ліне кері оралған. 
АЗАТ  Азат  сөзінің  қазақтың  төл  сөзі  еместігін  байқаймыз. 
Парсыларда азад дыбыстық қалыпта айтылып - “еркін”‚ “ерікті”‚ “бос-
тандықтағы”  мағынасын  береді.  Оларда  “Азад”  сияқты  адам  есімін 
де  кездестіреміз.  Ахмед  Игунекидің  “Ақиқат  тартуы”  атты  нақыл 
поэмасында азатсөзі келтірілген.
Азат  сөзінің  қазақтың  төл  сөзі  қалпына  жеткендігі  сондай‚  оған 
тілімізде жұрнақ жалғануын туындаған онға жуық сөз қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет