(жасты) 'одногодки, ровня'; *дың>дыңдай (сау) 'здоровенький,
целехонький'; *дар>дардай (жігіт) 'верзила, великовозрастное дитя';
нарт>нарттай (қызыл) 'красный как рак' и др. Основанием для
отнесения этих разрядов сравнительной конструкции к аналитической
модели словообразования служит превращение самостоятельной лек-
сической единицы (как и хана, паз//ваз, нама, ман//мен, стан и др.) в
словообразовательные суффиксоиды. Как бы то ни было, этот суффик-
соид в казахском языке, замыкая собою предшествующий корень, прев-
ращает его иногда в мертвый элемент, вычленение которого происходит
значительно легче, чем в других моделях» [34, 123-124].
Қалиев Ғ. пен Ə.Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілінің лексикология-
сы мен фразеологиясы» еңбегінде де көнерген сөздердің көнеру дəре-
жесінің үш түрлі болатынын атап көрсетеді:
1.
Əбден ұмтылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген
сөздер: Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (мақал); Асабасы жоқ
– асқа жарымас (мақал).
2.
Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды
сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер: баданадай (бадана),
сүйріктей (сүйрік), дардай (дар), абажадай (абажа) т.б.
3.
Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-
мəтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында əлі де қолданыла
беретін көнерген сөздер: торқа – жібек, жарақ – қару, азар – өкпе т.б.
[35, 173]
Ғалымдардың көрсеткен 2-түрін басшылыққа алып, тілімізде
мағынасы ұмыт болған немесе күңгірттенген сөздер мен сөз тіркестері-
нің сырын ашуда теңеудің маңызы зор атқаратынын байқауға болады.
Мысалы, қазіргі уақытта жұнттай сөзі тіліміздегі -дай//дей, -тай//тей
жұрнағы арқылы жасалып, лексикализацияланған кейбір сөздер тəрізді
(жұрдай, бүлдіршіндей, көсіктей, білеудей, тап-тұйнақтай) осы -дай
жұрнағымен қалыптасқан күйінде қолданылып кеткен.
Ғалым Ғ.Ғ.Мұсабаев -дай қосымшасы қосылып жасалған кейбір
өлі түбірлер ретінде самаладай, енгезердей, қолақпандай, алпамсадай,
160
сомадай, абажадай, баданадай, шиеттей т.б. сөздерді жатқызады.
Бұлардағы -дай нағыз жұрнақ жəне осы сөздердің мағынасы осы
жұрнақпен тығыз байланысты. Егер -дай жұрнағын алып тастасаң, тү-
бір сөздің мағынасы қалмайды. Оның себебі, осы сөздердің түбір
мағынасы сақталмай, біздің тілімізде ұмыт болып тек қана туынды
мағынасы сақталған айтады [36, 50].
Ы.Маманов …құрттай, түймедей, дардай сөздерін–дай/дей қо-
сымшасының сөз тудырушылық қызметінен пайда болмағандығын
айтады. Олар осы қосымша арқылы жасалған грамматикалық фор-
малардан семантикалық тəсілмен біртіндеп лексикалық бүтін болып
қалыптасқандығын атап көрсеткен [37, 33]. Ə.Нұрмағамбетовтың «Бес
жүз бес сөз» еңбегінде -дай, -дей арқылы жасалған бұлаудай, дардай,
дəсердей, дөңбектей, жегідей жеу, жіптіктей, зілдей, қаршадай,
қылдырықтай, мауыздай, мірдің оғындай, нарттай, сайдауыттай,
салмауырдай, сомадай, сүліктей, сыптай, түйдей, түйдей құрдас,
шайдай сияқты сөздердің этимологиясы ашылған. Тарихы мен төркіні
баяндалатын əрбір сөздің қазіргі тіліміздегі мағынасы сол сөздер
қатысқан сөйлемдер арқылы ашылған [38].
Теңеулер болмысын арнайы зерттеген ғалым Т.Қоңыров өз сөзді-
гінде мағыналары көмескіленген заттар мен құбылыстар деп аталатын
142-і сөзді көрсеткен. «…Бүлдіршін мен мұнтаздың, тап-тұйнақ пен
қылдырықтың, соқтан мен самаланың, қолақпан мен зіңгіттің т.с.с.
– не зат, не аң, не құс, не өсімдік не басқа бір нəрсе екенін білмейміз.
Бұлардың (бүлдіршін, мұнтаз, қолақпан, зіңгіт, самала) бұдан жүздеген
жылдар бұрын қазақ өмірінде мейлінше кең қолданылғандығы сон-
ша: олар халықтың тілдік санасында теңеу образдары ретінде күні бү-
гінге дейін сақталып келе жатыр» [39, 210-211] дейді.
Бұндай сөздердің бірсыпырасы жалғанған сөзімен жымдасып
кеткен, бөліп қолдануға келмейді. Осындай түбір мағынасын жоғалтқан,
мағына жағынан күңгірттенген, дербестігін жоғалтқан жəне тек қана
белгілі аффикстер (-дай, -дей, -тай, -тей) арқылы ғана қолданылатын
сын есімдер бар. Олардың қатарына дағарадай (үлкен), дардай (үлкен),
дəсердей (қуану, шаттану), дүрдей//дардай (айбарлы), дыңдай (сап-
сау, аман-есен, зақымданбаған), дыраудай (үлкен), дырдай (үлкен, ірі,
мықты, ересек), зəрдей (суық, ащы), жардай (семіз, үлкен), жұрдай
(«жоқ» мағынасын білдіреді, барлығынан айырылған), жұнттай
(семіз), зəредей (кішкентай, азғантай), зілдей (ауыр), зіңгіттей (үлкен,
161
дəу, ересек), күждей (желкесі), күптей (ісік), құйттай // құйтақандай
// ұйтымдай (кішкентай), қаршадай (жас, кішкентай), құрдай [жорғалау]
(жылдам), мауыздай (үлкен, дəу), мұнтаздай (жаңа, таза), мірдей немесе
мірдің оғындай, нарттай (қызыл), нілдей (көз алдыңда өзгеру, бұзылу),
бырдай (шашылу), сақадай, сайдауыттай, сомадай, сояудай, сыптай
(түзу), соқталдай (үлкен), титтей (азғантай, кішкентай), түйдейжасты
(құрбы, құрдас) тұттай (жалаңаш), тырдай (жалаңаш), шайдай (ашық),
шөкімдей т.б. сөздерді жүздеп келтіруге болады. Бұл сөздер түбір кү-
йінде жеке-дара қолданылмайтын сөздер.
Бір қызығы осы сөздердің барлығы да адамның қимылына, жүріс-
тұрысына, салмағына, лауазымына, көңіл-күйіне, жас ерекшелігіне т.б.
байланысты айтылады. Дегенмен, бұл сөздердің мағынасы түрлі се-
бептермен күңгірттелінген, сөздің өзі сақталса да, халықтың есінде,
жадында оның бір замандағы айқын-анық лексикалық мағынасы ұмыт
болған. Қазақ көркем əдебиетінде бұлардың қолданылу əрісі кең, олардың
атқаратын қызметі де сан салалы. Қолданылу əрісі мен атқаратын қыз-
меті қандай кең болса, олардың құрылымы мен мағыналары, түрлері мен
сырлары да əр алуан. Бұлардың табиғатын біршама толық түсіну үшін
мағынасы көнерген кейбір сөздерді көрсетейік;
Достарыңызбен бөлісу: |