АЙПАРАДАЙ. Іздеп келдік, қайынаға-ау, сіз келесіз, Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз (Батырлар жыры). Ғалым Р.Сыздық «Сөздер
сөйлейді» еңбегінде айпара сөзін «қазақ тілінің өте ертеде өзінде
болған, немесе өзге түркі тілдерінің поэтикалық дəстүрінен енген
«айдай, айдай аппақ, ақ жүзді» деген мағынадағы айбар сөзі болғанға
ұқсайды, кейін келе бұл сөздің орнына айдай, ай жүзді сөздері басып,
айбар сөзі сирек қолданылатын, бейтаныс тұлғаға ауысып кеткен секілді.
Соның нəтижесінде тіпті тұлғасы да айбара – айпара болып өзгертіліп
айтылатыны байқалады. Бұл сөз айға барабар (парапар) тіркесінен
ықшамдалып жасалуы мүмкін деп топшылауға болады. Барабар сөзі
түркі тілдеріне парсы тілінен енген, мағынасы «тең, бірдей», сонда бұл –
айға барабар> ай барабар>айбар болып əбден кірігіп біріккен сөздер-
дің қатарына жататын тұлғалардың бірі. Түсініксіздеу тұлғаға –дай жұрнағы жалғанған сөздер қазақ тілінде молынан кездесетін құбылыс,
осының нəтжесінде айбарадай – айпарадай сөзі пайда болған тəрізді,
бұның қайткенде де мағынасы ашық: «ай сияқты жүз, айға тең ақ жүз,
айға парапар ақ жүз» деген жорамал айтады [29, 21].