ҰША Біреудің төсін жесең‚ өзіңнің ұшаңды сайла. Көне түркі-
лердің салты бойынша ұша тек қадірлі қонақтарға (ханға‚ ақсүйектер-
ге) тартылатын сыйлы тағам болған. Сібірдегі түркілердің молаларынан
археологтардың үнемі малдың жамбас сүйегін тауып отыруы оның
қасиетті саналғанын айқындайды. М.Қашқари сөздігінде, уча - “малдың
бөксесі‚ арқа” [МК І, 144 б]. Алтайлықтар құдаларына қойдың
қуырылған құйрығын салтанатпен тартады да‚ бұл дөстүрді өздері уча
деп атайды[РадСл. І, 1722 б.]. Маңғыстау қазақтарының тілінде ұша -
қойдың сүбемен‚ құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы [30, 70 б.] >