Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Университеттің профессор-оқытушылар құрамы



бет28/35
Дата12.09.2022
өлшемі3,95 Mb.
#149235
түріАнықтамалық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

4.4 Университеттің профессор-оқытушылар құрамы:

  1. академиялық адалдық қағидаттарын ұстануға;

  2. білім алушыларды дұрыс және сенімді ақпарат көздерін таңдау барысында үйретуге және қолдауға;

  3. нұсқаманы, сілтемені, пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәсілдерін үйретуге;

  4. академиялық бақылауды Университетте және пәннің оқу-әдістемелік кешенінде (ОӘК) белгіленген бағалау критерийлерін қатаң ұстана отырып, жүзеге асыруға;

  5. Университеттің Корпоративтік этика кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің нормаларын сақтауға міндетті.



4.5 Университеттің оқу-көмекші персоналы:
1) ағымдағы тапсырмалар мен оларды сапалы орындау үшін қажет мерзім туралы нақты ақпарат алуға құқылы.
4.6 Университеттің оқу-көмекші персоналы:
1) Академиялық адалдық ережесін сақтауға;
2) білім беру үдерісіне қатысушыларды Академиялық адалдық ережесіне енгізілген өзгерістер мен болған бұзушылықтар туралы уақтылы хабардар етуге;
3) ағымдағы, аралық, қорытынды бақылаудың, сынақ кітапшаларының, курстық жұмыс, есептерді қорғау ведомостілері мен оқу үдерісінің басқа да құжаттарының нәтижелері бойынша номенклатуралық құжаттаманы ресімдеуді қамтамсыз етуге міндетті.


4.7 Университеттің әкімшілік-басқару персоналы:
1) өз өкілеттігі аясында білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына орындау үшін міндетті бөлімшелердің академиялық адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмысын реттейтін актілерді шығаруға;
2) өкілеттігіне жататын мәселелерді талқылау және шешу үшін Университеттің кез келген құрылымдық бөлімшесінің жұмысына қатысуға;
3) факультеттің және университеттің алқалы органдарының қарауына академиялық адалдық қағидаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.


4.8 Университеттің әкімшілік-басқару персоналы:
1) Академиялық адалдық ережесін ұстануға;
2) Ереже нормалары бұзылған жағдайда осы Ережемен қарастырылған шара қолдану бойынша жұмысты үйлестіруге;
3) білім беру үдерісіне қатысушылардың академиялық адалдықты сақтау мониторингі мен бақылауды жүргізуге;
4) университеттің барлық қызметкерлері мен білім алушыларға қатысты әдептілік сақтауға;
5) академиялық адалдықты бұзу фактілері анықталған кезде туындайтын тартысты жағдайларды осы Ережеге, Университеттің Корпоративтік этика кодексіне, Университеттің Ішкі тәртіп ережесіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешуге;
6) Академиялық адалдық ережесін бұзуға жол бермеуге және Университетпен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес оның қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
7) академиялық адалдық қағидаттарын бұзудың әрбір жағдайын қатаң есепке алуға;
8) Университеттің Корпоративтік этика кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің нормаларын сақтауға міндетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет