Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ



бет31/35
Дата12.09.2022
өлшемі3,95 Mb.
#149235
түріАнықтамалық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Оқу төлемақысы



  1. Ақылы бөлімде оқитын студенттердің төлем шарты келісім шартта көрсетілген. Аталған шарт талапкердің жоғары оқу орнына түсер кезінде толтырылады.

  2. Жоғары оқу орны басқа да негізгі оқу үдерісінде көрсетілмеген білім беру жағдайларын көрсете алады.

  3. Егер студент қайта оқу курсына қалып қойса, сессия барысында сыналмаған пәндер бойынша ғана оқу ақысын төлейді.

  4. Жазғы семестрге қалып қойған студент көрсетілген тариф бойынша қосымша ақы төлейді.

  5. Оқудан шығып қалған немесе басқа жоғары оқу орнына ауысқан студент академиялық айырмашылыққа қосымша ақы төлемін жасайды. Ауысу кезіндегі академиялық айырмашылықтар және қайта қабылдау кезіндегі кредит саны 30 кредиттен аспауы керек.

  6. Жоғары оқу орны мамандық түріне қарамастан бір кредит бағасын анықтайды.





оқытудағы бақылау түрлері

Кредиттік технология бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің типтік жоспарлары және ЖОЖ негізінде әзірленген оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.


Мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарын Қа­ра­ған­ды Бө­ке­тов уни­вер­си­те­ті ректоры бекітеді.
Студенттің жеке оқу жоспарын факультет деканы бекітеді.
Студенттер жеке жұмыс жоспарының құрылуын эдвайзердің және кеңсе тіркеушінің көмегімен жүзеге асырады. Эдвайзер шығарушы кафедра маманы бола отырып, студенттерді оқытудың жеке траекториясын таңдауда бағыт береді.
Тіркеуші студенттердің өтініштерін басшылыққа ала отырып, топтарды құрайды және студенттер таңдаған пәндердің тиімділігін анықтайды. Әр студент академиялық оқу жылының басында оқитын пәндерден оқу-әдістемелік кешендер алады.
Студенттің орташа балы (GPA). Рейтинг. Бақылау.
Студенттің үлгерімі бойынша орташа балл есептеледі. (GPA), оның ең жоғарғы көрсеткіші 4,0 балды құрайды.
Орташа балл студенттің қорытынды нәтижесі бойынша шығарылады. Өз кезегінде нәтиже балдық-рейтингілік жүйе бойынша бағаланады. Рейтинг – бұл балдық көрсетілімдегі студент қызметінің бағасы. Рейтингтік жүйені оқу үдерісінде дұрыс қолдану студенттің білімін, қабілетін, дағдыларын және жүйелік еңбегін бақылау әділдігінің артуына ықпал етеді, бұл алған білімнің беріктігінің кепілі болып табылады.
Студенттің оқу блогы ағымында әр түрлі жұмыстарға қатысқаны үшін алған балдарының сомасымен анықталатын рейтинг білім беру сапасының жалпы көрсеткіші ретінде танылады.
Студенттердің білімін үздіксіз рейтингілік бақылау оңтайлы үйлесімі өзара байланысты бақылаудың үш түрін құрайтын кезеңдерден өтеді: ағымдық, аралық және қорытынды. Бақылаудың әр түрі үшін студент белгілі балл жинауы керек, олардың жиынтығы қорытынды бағаны (қорытынды рейтинг) қалыптастырады.
Студенттер білімінің деңгейін анықтау мақсатында бақылаудың рейтингілік жүйесі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет