Студенттерді бақылаудың түрлері:
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау (АғБ) – студенттердің білімін академиялық кезеңде кесте бойынша оқытушы өткізетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардың кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеру жүйесі.
Ағымдық бақылау лектор ассистенті, лектор арқылы академиялық кезеңде жүзеге асырылады.
Ағымдық бақылау кезінде студенттердің жетістіктері пәннің негізгі бөлімдерін оқуды аяқтау мен кредиттер көлеміне сәйкес әр орындалған тапсырмаға 100 балдан бағаланады. Сонымен қатар жұмыстардың бір түрі академиялық кезең бойы студенттердің белсенділігін бағалауға бағытталған.
Ұсынбалы жұмыс түрлері: коллоквиум, реферат, жоба, эссе, блиц-сұрақ, шығарма, шығармалық диктант, бақылау жұмысы, рөлдік ойын және т.б.
Аралық бақылау (АрБ) бір оқу пәнінің жырағында бір академиялық кезеңде екі реттен кем өткізілмейді.
Студенттердің білімін аралық бақылау 100 баллдық шкаламен бағаланады және академиялық кезеңнің 6-8 аптасы (АрБ1) және 11-13 аптада (АрБ2) лектор арқылы жүзеге асырылады.
АрБ 1(2) = (Жинаған балл саны/50)*100
Күндізгі бөлім студенттеріне арналған екінші аралық бақылау (АрБ2) оn-line форматының электронды университет жүйесінде«Тестілеу» модулі бойынша өткізіледі. Сырттай бөлім студенттері аралық бақылауды ЭЕМ «Факел-2 Қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған ілестірмесі» бағдарламасы бойынша тапсырады (www.idl.ksu.kz).
Рұқсат рейтингін бағалау академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі арқылы жүзеге асады (ағымдық бақылау бағалары мен аралық бақылау бағалары).
РЕ=(АғБ1+АғБ 2+АғБ 3+…+АғБ n +АрБ1+АрБ2)/( n+2),
мұнда
АғБ1, АғБ2, АғБ3, АғБn – барлық жұмыс түрлері үшін алынған баға;
n – ағымдық бақылау жұмыс түрлерінің саны;
2 – аралық бақылау саны;
АрБ1 – аралық бақылау 1;
АрБ2 – аралық бақылау 2.
Қорытынды бақылау (ҚБ) пәннің оқытылуы аяқталғаннан кейін өткізілетін емтихан түрінде жүзеге асырылады және 50-100 баллды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |