Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет60/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтары:
1. Насеком қоректілердің жалпы таралуы
2. Әр түрлі экологиялық тоаптардағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты аңдардың құрылымдық ерекшеліктері.


Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
29 дәріс - Тақырыбы: Сүтқоректілердің экологиясы.

1.Қолқанаттылар отрядының таралуы


2.Экологиялық топтардағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты аңдардың құрылымдық ерекшеліктері.


Қолқанаттылар отряды (Chiroptera)
Қолқанаттылар немесе жыртқыштар отрядына жататын жануарлардың алдыңғы аяғының ұзын саусақтарының арасында және дене денесінің екі бүйірінде құйрығына шейін керілген тері жарғағы болады. Ұшатын болғандықтан жарқанаттылардың кейбір белгісі құстардікіндей. Мысалы, көкірек клеткасы және кейбір бұлшық еттері құстардікіндей жақсы жетілген. Төс сүйегінде құстардікі сияқты биік жалқыры болады.
Жарқанаттар іңірде және түнде ұшып жүріп насекомдармен қоректенеді. Олардың көзі нашар көреді, бірақ дыбыс мүшесінің көмегімен ұстайды. Жарқанаттар кәдімгі дыбыстан басқа, адамға естілмейтін, ультра дыбыс толқындары кедергіге кездесіп, ол кедергіден шағылысады да, жарқанаттың есту мүшесіне сезіледі. Сөйтіп, дыбыс арқылы кедергіні білгеннен кейін ол кедергіге ешуақытта да соқтықпайды. Ол ұшып бара жатқан насекомдарды да осылай сезіп біледі.
Қолқанаттылардың көбі кішкентай жануарлар, мысалы, жарқанат. Қолқанаттылар отрядының 1000-ға жуық түрлері бар. Олар барлық жерлерде де кездеседі. Америкада болатын жарқанаттылардың ішінде малдың немесе адамның қанын соратындары да бар. Ал кейбіреулері ағаш өсімдіктерінің жемістерін жейді. Мысалы, Оңтүстік Азиядағы жарқанат ұшатын иттер. Сондықтан олар қай жерлерде де көп зиян жасайды. Қолқанаттылардың барлығы күндіз үйдің төбесінде, үңгірде, жардың жарылған жерінде жиылып тығылып жатады да, тіршілік етуге тк түнге ғана шығады. Ал қыстыгүні насекомдар жоқ уақытта жылы жерге кіріп, ұзақ ұйқыға кетеді. Біздің жердегі жарқанаттардың көбі қыстауға ұшып кетеді. Ұйықтаған кезде олар қоректенбейді және денесінің температурасы да 10-160 дейін төмендейді. Жарқанаттардың ұрғашысы бір немесе екі бала табады. Балалары қызыл шақа, нашар жетілген, енесінің көкірек жағындағы емшегіне жабысып тұрады. Жарқанаттар насекомдармен қоректенетіндіктен ауыл шаруашылығына пайдалы, сондықтан қорғап сақтау керек. Иконников жарқанаты, Азия жалпақ құлақты жарқанаты. Бобринский жарқанаты, ақ бауыр жарқанат, кең құлақты жарқанат Қазақстанның қызыл кітабына енген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет