Б. Бейсекбаев көшесі
Б.Бейсекбаев көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Абай даңғылын және А.Иманов, Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1839,7 м.
Бақтыораз Шәмпекұлы Бейсекбаев (1920-1941) – екінші дүниежүзілік соғыста ерекше ерлік көрсеткен жауынгер. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері, Ресей Федерациясының батыры. Б.Бейсекбаевқа 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Б. Майлин көшесі
Бұрынғы атауы – М.Вавилов көшесі және №106 көше. Б.Майлин көшесі Л.Мирзоян көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 3246,2 м.
Бейімбет Майлин (1894-1938) – жазушы, драматург. Б.Майлин Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған. Оның алғашқы шығармалары – «Мұқтаждық», «Көңіліме» өлеңдері мен «Шұғаның белгісі» повесі. Драма саласында жазған «Неке қияр», «Шұға», «Майдан», «Жалбыр» атты пьесалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |