Бесшалқар көшесі
Бұрынғы атауы – №26 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Бесшалқар көшесі Обаған көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 542,6 м.
Бесшалқар – көл, теңіз атауы. «Кең-байтақ, шексіз де шетсіз» деген мағынаны білдіреді.
Улица Бесшалқар
Прежнее название – улица №26. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Улица Бесшалқар начинается с улицы Обаған, заканчивается на улице Талғар. Длина – 542,6 м.
Бесшалкар – название озер и других водоемов, означает широкая водная гладь.
Бозарал көшесі
Бұрынғы атауы – №161 көше. Бозарал көшесі «Қараөткел» шағын ауданында орналасқан көше. Ұзындығы – 601,5 м.
Бозарал – жер-су атауы.
Болашақ көшесі
«Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесі Н.Тілендиев қысқа көшесінен басталып, Жетісу, Байқоңыр, Көкжиек, Ақтау, Аққорған көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2031,9 м.
Болашақ – «алдағы уақыт, келешек» деген мағынаны білдіреді.
Босаға көшесі
Бұрынғы атауы – Тополиный көшесі. Босаға көшесі Меркі көшесімен қиылысып, М.Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 176,4 м.
Босаға – үй есігінің екі жақтауы. Қазақ халқы босағаны қасиетті санаған. Жас келін босаға аттап сәлем жасағанда, үлкендер оған «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын» деп бата берген.
Достарыңызбен бөлісу: |