В. Мурадели көшесі
В.Мурадели көшесі И.Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 174,9 м.
Вано Мурадели (1908-1970) – композитор, КСРО халық әртісі.
В. Петров көшесі
В.Петров көшесі М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қажымұқан көшесінде аяқталады. Ж.Жирентаев, Л.Мирзоян көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1696,2 м.
В. Петров – Социалистік Еңбек Ері.
Бұл көшеде «Еуразия» сауда орталығы орналасқан.
В. Суриков көшесі
В.Суриков көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақбидай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 326,4 м.
Василий Иванович Суриков (1848-1916) – орыс кескіндемешісі.
В. Шукшин көшесі
В. Шукшин көшесі А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,8 м.
Василий Шукшин (1929-1974) – орыс жазушысы, кинорежиссёр, актёр.
Вячеславский көшесі
Вячеславский көшесі В.Вишневский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 454 м.
Г.Әлиев көшесі
Г.Әлиев көшесі А.Тоқпанов көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. Алпамыс, Жерек, Белжайлау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 717,5 м.
Гейдар Әлиев – Әзірбайжан Республикасының президенті және мемлекет қайраткері болған.
Г.Жуков көшесі
Г.Жуков көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 31 м.
Георгий Константинович Жуков (1896-1974) – белгілі орыс қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы, 4 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
Г.Игишев көшесі
Г.Игишев көшесі Көкжелек көшесінен басталып, Жігер орамымен қиылысады. Ұзындығы – 912,6 м.
Георгий Иванович Игишев (1921-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
Г.Титов көшесі
Г.Титов көшесі Алмалық көшесінен басталып, Ардагерлер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 636,5 м.
Герман Степанович Титов – КСРО-ның ұшқыш ғарышкері, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының Батыры.
Достарыңызбен бөлісу: |