Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет9/11
Дата27.12.2016
өлшемі1,72 Mb.
#6027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үшқоңыр көшесі

Бұрынғы атауы – З.Космодемьянская көшесі. Үшқоңыр көшесі Ақсеңгір көшесі мен Тайбурыл көшесінің қиылысқан жерінен басталып, Ақпан, Қарағайлы орамдарымен, Шардара,Сартүбек, Ақжелкен, Өндіріс көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1659,5 м.

Үшқоңыр – Алматы облысы, Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді.
Үштөбе көшесі

Бұрынғы атауы – №37 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Үштөбе көшесі М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 375,4 м.

Үштөбе – Алматы облысы қаратал ауданының орталығы. Сондай-ақ осы аттас бірнеше елді мекен бар.

Фахд бен Абдулл Азиз көшесі

Бұрынғы атауы – Вагонный көшесі. Фахд бен Абдулл Азиз көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1489,2 м.

Фахд бен Абдулл Азиз-Фахд ибн аль-Абдулл ас-Сауд 1922 жылы дүниеге келген. 1982 жылдан бастап Сауд Арабияның королі.

Х.Досмұхамедұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Перспективный көшесі. «Шұбар» тұрғын алабы. Х.Досмұхамедұлы көшесі Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1089,8 м.

Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітірген. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, оны өткізуге ат салысты. 1917 жылы желтоқсанда 2-жалпықазақ сиезінде жарияланған Алашорда үкіметінің – Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құру ісіне күш салды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай – Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.

Хантау көшесі

Бұрынғы атауы – №4 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Хантау көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Еділ көшесінде аяқталады. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі, Іле көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1645,7 м.

Хантау – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі. Жамбыл облысы, Мойынқұм, Шу аудандары жерінде орналасқан.
Ш.Айманов көшесі

Ш.Айманов көшесі Ж.Омаров көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1475,7 м.

Шәкен Айманов (Шаһкерім) (1914-1970) – аса көрнекті актёр, режиссёр. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол қазақ сахнасында көптеген рөлдерді сомдады.
Ш.Бейсекова көшесі

Ш.Бейсекова көшесі Конституция көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Аманқарағай, М.Дулатов, Оғыланды орамы, Абат-Байтақ, С.Қожахметов, М.Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулл Азиз көшелерін қиып өтеді.

Шабал Бейсекова (1917-1997) – әнші, Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ш.Бөкеев көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Крупская көшесі. Ш.Бөкеев көшесі Жерұйық көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Медеу, 8 наурыз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2216,9 м.

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920) – ақын. Батыс Қазақстан облысының Орда қаласында дүниеге келген. Шығыстың классикалық әдебиетінен және орыс, еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырыпсалма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған білімдар ақын.
Ш.Жиенқұлова көшесі

Бұрынғы атауы – Д.Фурманов көшесі. Ш.Жиенқұлова көшесі И.Панфилов пен М.Лермонтов көшелерінің қиылысқан жерінен басталып, Б.Бейсекбаев көшесінде аяқталады. Күлтегін, Абыралы, Л.Толстой қысқа көшелерімен және Ә.Сембинов көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1727,7 м.

Шара Жиенқұлова (1912-1991) – белгілі биші, педагог. Қазақстанның халық әртісі.
Ш.Иманбаева көшесі

Ш.Иманбаева көшесі А.Бараев көшесінен басталып, Отырар көшесінде аяқталады. Ә.Ысмайылов, Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1158,8 м.

Шолпан Иманбаева (1904-1926) – қазақ ақыны. Ол Ақмола уезі, Майбалық ауылында дүниеге келген. Оның 1927 жылы «Шолпан өлеңдері» атты жинағы, 1950 жылы «Өлеңдер» атты жинағы жарық көрді.

Ш.Қалдаяқов көшесі

Бұрынғы атауы – №23-1 желекжол. Ш.Қалдаяқов көшесі жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 6690 м.

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) – ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ш.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ш.Қалдаяқов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны музыкасының авторы.
Ш.Уәлиханов көшесі

Ш.Уәлиханов көшесі А.Бараев көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, Отырар, Абай даңғылын, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2478,1 м.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. 1856-57 жылғы алғашқы саяхаттарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндайды.

Оның «Абылай», «Қазақтың шежіресі», «Шона батыр», «Қазақтың көші-қоны» сияқты қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің мәні зор.

Бұл көшеде Алматы ауданы бойынша Салық комитеті, «Ботагөз» сауда үйі, «Мастер» құрылыс заттарының орталығы, «Жасыбай» қонақүйі, «Әлем» сауда орталығы орналасқан.



Шақпақ көшесі

Бұрынғы атауы – Транспортный көшесі. Шақпақ көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 860,1 м.

Шақпақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округінің орталығы.
Шалгөде көшесі

Бұрынғы атауы – Тыңның 30 жылдығы көшесі. Шалгөде көшесі Жігер орамынан басталып, Атамұра көшесінде аяқталады. Көкжелек, Көкарал, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 622,1 м.

Шалгөде – Райымбек ауданындағы жайлау. Жайлаудың орта тұсынан Шалгөде өзені ағып өтеді.
Шалқар көшесі

Шалқар көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 567,6 м.

Шалқар – «кең-байтақ, шексіз де шетсіз дала» деген мағынаны білдіреді. «Шалқар» атты елімізде көлдер мен елді мекендер кездеседі.

Шаңтөбе көшесі

Бұрынғы атауы – №23 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Шаңтөбе көшесі Ордабасы көшесінен басталып, Амантоғай көшесінде аяқталады. Маятас көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 560 м.

Шаңтөбе – жер атауына байланысты айтылады. Осындай ауыл аттары да кездеседі.

Шапағат көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Шапағат көшесі Атақоныс көшесінен басталып, Жаңатұрмыс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 513,9 м.

Шапағат – «рақым, мейірім, шарапат» деген мағынаны білдіретін сөз. Ертедегі қазақтар жақсылығы мол жылды «шапағаты мол жыл», қайырымды адамды «шапағаты мол адам» деп атаған.

Шарбақкөл көшесі

Бұрынғы атауы – №36-7 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Шарбақкөл көшесі Аягөз көшесінен басталып, Күреңбел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 352,3 м.

«Шарбақкөл» деп айналасы қоршалып жатқан көлді айтады. Ақмола облысында Шарбақкөл атты көл бар.

Шарбақты көшесі

Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. Шарбақты көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Бастөбе көшесінде аяқталады. Атамұра, Құлагер, Көкарал, Көкжелек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2374 м.

Шарбақты – жер-су атауларына байланысты айтылады. Бұл атау жан-жағының қоршалып жатқандығын білдіреді. Павлодар облысында осы аттас аудан бар.
Шардара көшесі

Бұрынғы атауы – С.Тюленин көшесі. Шардара көшесі Үшқоңыр көшесінен басталып, Бектау көшесінде аяқталады. Құсжолы, Сартүбек, Өндіріс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 853 м.

Шардара – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. «Шардара» ежелгі парсы тілінен аударылған, «төрт қақпа» деген мағынаны білдіреді.

Шертер көшесі

Бұрынғы атауы – №65 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шертер көшесі Манас даңғылынан басталып, Дауылпаз көшесінде аяқталады. Балталы, Арқат қысқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,5 м.

Шертер – екі немесе үш ішекті болып келетін музыкалық аспап.

Шет көшесі

Бұрынғы атауы – Крайний көшесі. Шет көшесі Мақат, Арқарлы, Жолымбет, Қамысты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1048,7 м.

Шет – Қарағанды облысының орта тұсында орналасқан аудан. Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылы.

Шиелі көшесі

Бұрынғы атауы – Л.Чайкина көшесі. Шиелі көшесі Шортанды көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Төңкеріс, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 707,9 м.

Шиелі – Қызылорда облысындағы аудан, елді мекен.
Шортанды көшесі

Шортанды көшесі Шиелі көшесімен қиылысып, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 361,1 м.

Шортанды – Ақмола облысындағы аудан, елді мекен.
Шу көшесі

Бұрынғы атауы – №14 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Шу көшесі Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127 м.

Шу – Жамбыл облысындағы аудан, қала.

Шұғыла көшесі

Бұрынғы атауы – Лесной көшесі. Шұғыла көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Абайдың 150 жылдығы, Ардагерлер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1134,8 м.

Шұғыла – «арай», «таң шапағы», «сәуле шашып тұр» деген мағынаны білдіреді. Қазақта көбіне әдемілікке байланысты қолданылады. Осы аттас адам есімдері де бар.

Шығанақ көшесі

Бұрынғы атауы – Ишимский көшесі. Шығанақ көшесі Кенесары көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Ә.Жанбосынов, К.Күмісбеков көшелерімен, Сарыарқа даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1969,3 м.

Шығанақ – Шідерті өзенінің алабындағы көл. Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орналасқан.
Шыңғырлау көшесі

Бұрынғы атауы – Луговой көшесі. Шыңғырлау көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Гүлдала орамымен қиылысады. Ұзындығы – 312,7 м.

Шыңғырлау – Жайық алабындағы өзен, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Бөрілі аудандары аумағында.

Шыңғыстау көшесі

Бұрынғы атауы – Теміржолшылар кенті көшесі. Шыңғыстау көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталады. Ұзындығы – 703,8 м.

Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында орналасқан.
Ы.Алтынсарин көшесі

Бұрынғы атауы – К.Тимирязев көшесі. Ы.Алтынсарин көшесі Жеңіс даңғылынан басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. Қарлығаш, І.Есенберлин, М.Тынышбаев, И.Құтпанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 758,6 м.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ол Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырған. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы жарық көреді. «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» тәрізді новеллалары мен «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», т.б. әңгімелері бар.

Ы.Дүкенұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Дружба көшесі. Ы.Дүкенұлы көшесі Бейбітшілік көшесінен басталып, И.Панфилов көшесінде аяқталады. М.Әуезов, Республика даңғылын, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1683,2 м.

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – күйші-қобызшы, композитор. Ол толғаған «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Жезкиік», «Аққу», «Бестөре» – азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар күйлер. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен деген шәкірттері болған.

Ынталы көшесі

Бұрынғы атауы – Магнитогорский көшесі. Ынталы көшесі Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 250,7 м.

Ынталы – «ықылас-ынтасы зор, талапты» деген мағынаны білдіреді. Қазақстандағы көптеген елді мекендердің атауы.

Ынтымақ көшесі

Бұрынғы атауы – Паровозный көшесі. Ынтымақ көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,7 м.

Ынтымақ – «береке-бірлік, ұйымшылдық, татулық» деген мағынаны береді. Елімізде Ынтымақ атты елді мекендер көп кездеседі.

Ырғыз көшесі

Бұрынғы атауы – №18 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ырғыз көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,3 м.

Ырғыз – Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысындағы аудан.

І. Есенберлин көшесі

Бұрынғы атауы – І.Есенберлин және Ақжайық көшелері. І.Есенберлин көшесі Конституция көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Мыңарал, А.Затаевич, Біржан сал, Жеңіс даңғылын, Ы.Алтынсарин, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1391,1 м.

Ілияс Есенберлин (1915-1983) – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, «Жазушы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» романдары мен «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогиясын жазды.

Бұл көшеде Қаржы-экономикалық колледжі орналасқан.
І.Жансүгірұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Училищный көшесі. І.Жансүгірұлы көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Мақтымқұлы көшесінде аяқталады. Ш.Құдайбердіұлы даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 1218,2 м.

Ілияс Жансүгірұлы (1894-1938) – ақын. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, 1928 жылы бітіріп шығады. Сол жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы басылып шықты. Ол «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын жазды. Бұл шығармалар Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. І.Жансүгірұлы драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек», «Түрксіб», «Исатай – Махамбет», т.б. пьесалар жазды.

Іле көшесі

Бұрынғы атауы – №16 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Іле көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232 м.

Іле – Балқаш көлі алабындағы өзен.
Ю.Гагарин көшесі

Ю.Гагарин көшесі Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 574,9 м.

Юрий Гагарин (1934-1968) – ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, полковник, Кеңес Одағының Батыры.

Ю.Малахов көшесі

Ю.Малахов көшесі Сусамыр көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады. Жетісай орамы мен Кеншілер көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1834,1 м.



Я.Свердлов көшесі

Я.Свердлов көшесі Бестерек көшесінен басталады. Ұзындығы – 399,4 м.

Свердлов Яков Михайлович (1885-1919)саясаткер, мемлекеттік қайраткер. 1905-1907 жылдары Уралдағы төңкеріске қатысушы.

Южный көшесі

Южный көшесі Р.Қошқарбаев көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 787,2 м.

Южный – «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді.


8 наурыз көшесі

8 наурыз көшесі Жерұйық көшесінен басталып, Ш.Бөкеев, Өрнек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 484 м.

8 наурызХалықаралық әйелдер күні.

ТАСЖОЛДАР
Алаш тасжолы

Бұрынғы атауы – Софиев тасжолы. Алаш тасжолы Ш.Жиенқұлова көшесінен басталып, Ақжол, Жолымбет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 14717,3 м.

Алаш (ежелгі түрік сөзі – «бауырластар, қандастар, туыстар») – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. «Алаш» сөзі «қазақ» атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі «Алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.

Қарағанды – Астана тасжолы

Қарағанды-Астана тасжолы Абылай хан даңғылынан басталып, Ж.Жабаев, М.Төлебаев, Армандастар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 14359,4 м.

Қарағанды-Астана тасжолы – Қарағанды мен Астана қалаларын жалғастырып жатқан жол.

Қарқаралы тасжолы

Бұрынғы атауы – Рождественский трассасы. Ұзындығы – 7408 м.

Қарқаралы – Қарағанды облысындағы қала. Қарқаралы қаласында талантты әншілер мен әртістер М.Бәпиұлы, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева өз өнерлерін, ал Қажымұқан күрес бәсекесін көрсеткен.

Қорғалжын тасжолы

Қорғалжын тасжолы Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Тұран даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 16154 м.

Қорғалжын – Ақмола облысындағы аудан.

ЖЕЛЕКЖОЛДАР
Академик К.Скрябин желекжолы

Бұрынғы атауы – Заводской желекжолы. К.Скрябин желекжолы Бейбітшілік көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,5 м.

Александр Николаевич Скрябин (1878-1972) – гельминтолог-ғалым. КСРО Ғылым Академиясының академигі.
«Нұржол» желекжолы

«Нұржол» желекжолы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 1252 м.

Нұржол – екі сөздің бірігуінен жасалған. «Нұр» сөзі сәуле, жарық, шұғыла дегенді білдіреді. Ал «жол» сөзі қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде өте қасиетті ұғым.

Желекжолда «Нұрсая» тұрғын үй кешені, «Транспорт тауэр» ғимараты орналасқан.
ҚЫСҚА КӨШЕЛЕР МЕН ОРАМДАР
А.Беляков қысқа көшесі

А.Беляков қысқа көшесі Атакент орамынан басталып, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 288,7 м.

Беляков Александр Васильевич (1897-1982) – авиация генерал-лейтенанты, Кеңес Одағының Батыры.

А.Затаевич қысқа көшесі

А.Затаевич қысқа көшесі Қарауыл көшесінен басталып, А.Затаевич көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 203,2 м.

Александр Викторович Затаевич (1869-1936) – музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» атты кітаптары шықты.
А.Иманов қысқа көшесі

А.Иманов қысқа көшесі Асанқайғы көшесінен басталып, М.Ломоносов көшесінде аяқталады. Н.Гастелло қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 280,6 м.


А.Макаренко қысқа көшесі

А.Макаренко қысқа көшесі А.Радищев қысқа көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. А.Иманов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 427,5 м.

Анатолий Семенович Макаренко (1888-1939) – педагог және жазушы.
А.Радищев қысқа көшесі

А.Радищев қысқа көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. А.Иманов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 710 м.

Радищев Александр Николаевич (1749-1802) – орыс жазушысы.

А.Чехов қысқа көшесі

А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 85,2 м.

Антон Павлович Чехов (1860-1904) – орыс жазушысы. Шығармашылық жұмысын фельетон және әзіл-оспақ, қысқа әңгімелер ретінде бастады.

Абай қысқа көшесі

Абай қысқа көшесі С.Кубрин көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 402,5 м.


Абыралы орамы

Бұрынғы атауы – С.Лазо қысқа көшесі. Абыралы орамы Л.Толстой көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 327,1 м.

Абыралы – Сарыарқаның шығыс бөлігінде, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы аумағында орналасқан тау жоталары. Бұрынғы атом полигоны осы атыраптың Дегелең сілемінде орын тепкен.
Айдын орамы

Бұрынғы атауы – Депутатский қысқа көшесі. Айдын орамы Ақан сері көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады. Қарталы, Рауан көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 687,1 м.

Айдын – жайылып жатқан су алабы.

Ақбастау орамы

Бұрынғы атауы – Братский қысқа көшесі. Ақбастау орамы Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 117,6 м.

Ақбастау сынтастары – қола дәуірінің ғұрыптық мақсатта пайдаланылған тас ескерткіштері. Қарағанды облысы, Ақбастау өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Ақберен орамы

Бұрынғы атауы - №21 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақберен орамы Қарқабат көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 165,5 м.

Ақберен – мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. «Берен» сөзі тілімізде «асыл, болат» деген мағынаны білдіреді.
Ақкент орамы

Бұрынғы атауы – В.Жуковский қысқа көшесі. Ақкент орамы А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,6 м.

Ақкент – Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.

Ақкөл орамы

Бұрынғы атауы - №11 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақкөл орамы Таскескен көшесінен басталып, Құмкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 202,4 м.

Республикамыздағы бірнеше елді мекендердің атауы.

Аққайың қысқа көшесі

Бұрынғы атауы - №11 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Аққайың қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 335,8 м.

Аққайың – қайың тұқымдасына жататын ағаш. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауы бөктерлерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында осы аттас аудан бар.

Ақмая орамы

Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. Ақмая орамы Қоянды орамынан басталып, Алқатерек орамында аяқталады. Ұзындығы – 135,1 м.

Ақмая – қола дәуірінің қонысы. Қарағанды облысы, Шет ауданының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ақсұңқар орамы

Бұрынғы атауы - №27 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақсұңқар орамы Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,8 м.

Ақсұңқар – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Ақсұңқар – жыл құсы. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ақтүбек орамы

Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ақтүбек орамы Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 237,3 м.

Ақтүбек – түбектің түсі мен кең аумағына байланысты қойылған атау.

Ақшатау орамы

Бұрынғы атауы - №10 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақшатау орамы Үштөбе көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 197,5 м.

Ақшатау – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы жота. Шығыс Қазақстан облысындағы Абай, Аягөз аудандары жерінде, Шыңғыстау жотасының оңтүстігінде орналасқан.

Аламан орамы

Бұрынғы атауы - №3 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Аламан орамы Жайық көшесінен басталып, Бұқтырма көшесінде аяқталады. Ертіс көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 226 м.

Аламан – көпшіліктің бірігіп, жұмылып атқаратын әрекеті мен қимылы. Аламан – күш біріктірудің, берекеге келудің немесе алауыздықты болдырмаудың әлеуметтік атауы.

Алқатерек орамы

Бұрынғы атауы – Оренбургский қысқа көшесі. Алқатерек орамы Оқжетпес көшесінен басталып, Ақмая, Ақбастау, Арқат орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 331,1 м.

Алқатерек – Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы.

Алмалы орамы

Бұрынғы атауы - №13 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Алмалы орамы Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 169,4 м.

Алмалы – алмасы көп, бау-бақшалы жер. Сондай-ақ осы аттас елді мекендер бар.

Арақарағай орамы

Бұрынғы атауы – Вагоноремонтный қысқа көшесі. Арақарағай орамы Шыңтас орамымен қиылысып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 220,2 м.

Арақарағай – Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында орналасқан шоқ қарағайлы орман.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет