Ситуациялық сұрақтар:Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып,сұрақтарға жауап береді.
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |