Қатты дене динамикасы Абсолют қатты дененімеханикалық жүйенің дербес жағдайы деп қарастыруға болатыны белгілі. Қатты дене динамикасының есептерін шешу үшін бұл денеге әсер ететін күштерді және кеңістікте дененің орнын анықтайтын параметрлерді байланыстыратын теңдеулерді табу керек. Бұл тәуелділіктерді жүйе динамикасының жалпы теоремалардан алуға болады.
Қатты денеде ішкі күштер теңістірілген күштер екенің ескеру қажет. Сондықтан, денеге түсірілген күштерден тек сыртқы күштерді қарастыру керек.
Дене қозғалысының дифференциалдық теңдеулері бойынша есептердің екі түрін шешуге болады: 1) дененің берілген қозғалысы бойынша оған әсер ететін сыртқы күштерді анықтау; 2) денеге әсер ететін берілген қүштері мен қозғалысының бастапқы шарттары бойынща дене қозғалысының кинематикалық теңдеулерін анықтау.