569
СПОРТ
Императордың бұйрығымен Бұланбайды тас
арыстанға алып келеді. Ол: «Маған бір ай мұрсат
етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан соң
екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып
байласаңыздар, мен тасты көтеремін», – деп жауап
қайырыпты. Бұланбайдың тілегі орындалады. Дүйім
елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап
кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті.
Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды
сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.
Достарыңызбен бөлісу: