Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет69/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ 
ШЫҒЫСТЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАРЫ


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
583
Əбу Насыр Мұхаммад əл-Фараби
Əбу Насыр Мұхаммад əл-Фараби 
(870 – 950 жж.) – аса көрнекті философ, ғалым-
энциклопедист, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деген атпен белгілі ғұлама. 
Қолөнер кəсібі жəне ғылымның негіздері жөніндегі білімін Фараб (Отырар) қаласында 
алған. Ол өзінің туған тілі – түрік тілінде оқыған. Білімін толықтыру мақсатымен Шаш, 
Самарқанд, Исфахан, Хамадан қалаларына сапар шегеді. Содан соң Араб халифатының 
мəдени орталығы Бағдадқа жол тартады. Онда араб тілін өте жетік меңгеріп, ежелгі 
грек философиясын, математиканы оқиды. Логика мен медицинаны, музыка мен 
астрономияны зерттейді. Əл-Фараби өз өмірінің 
соңғы кезін Дамаск пен Халеб қалаларында 
өткізеді. Ғалымдар, ақындар арасында 
ол өзінің білімінің тереңдігімен
кеңдігімен көзге түседі. 
Əл-Фараби батыл кісі болған. 
Атқа міну өнерін жақсы мең ге-
ріп, садақ атудың шебері атан-
ған. Əл-Фарабидің ғы лы ми 
мұрасы Шығыс пен Ба тыс-
тың ғылымы жə не мə-
де ние тінің да муына 
үлкен ық пал етті.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
584
Қадырғали Жалайыр
(ХVІ 
– ХVІІ ғасырдың басы) – аса 
көрнекті орта ғасыр тарихшысы. 
Ол би жəне аса білімді кісі болған. 
Шығыс тарихын жəне мұсылман 
мəдениетінің тарихын жетік 
меңгерген. Араб, парсы тілдерін 
өте жақсы білген. Қазақстан, 
Орта Азия жəне Оңтүстік Сібірдің 
Қадырғали Жалайыр
көптеген қалалары мен облыстарында болған. Қоғам өмірін жан-жақты білуінің 
арқасында ол сұлтан Онданның ұлы Ораз Мұхаммедтің тəрбиешісі (аталық) ретінде 
жоғары лауазымды қызмет атқарған.
Қадырғали Жалайыр – XVII ғасырдың басында Қазақ хандығы туралы тарихи еңбек 
жазған тұңғыш қазақ ғалымы. Ол өз кітабында Шыңғыс хан əулетінің жəне Алтын Орда 
билеушілерінің тарихын жазады. Оның жазған көптеген деректері қазақ халқының 
тарихи ауыз əдебиетінен алынғандықтан, басқа тарихи шығармаларда кездеспейді. 
Қадырғали Жалайырдың кітабының арқасында ХV – ХVІ ғасырлардағы Қазақ 
хандығының тарихын білеміз. Біздің заманымызға қазақ халқының тарихи мəдениеті – 
аса бай мұрасы осы тарихшының еңбегі арқылы жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет