Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет71/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

Махмұт Қашқари


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
587
Мұхаммед Хайдар Дулат
Мұхаммед Хайдар Дулат
(Дуглати) (XVI ғасыр) – аса көрнекті тарихшы, ақын, 
мемлекет қайраткері жəне əскербасы. Белгілі дулат руынан шыққан. Өз заманына сай 
жоғары мұсылмандық білім алған. Ол түрік, араб жəне парсы тілдерін жетік білген. 
Өлең жазып, сурет салумен де айналысқан. Қолөнер кəсібінің шебері болған: ағаштан 
ою ойған, асыл заттар, жебе мен садақ, пышақ жасаған, құрылыспен айналысқан, ою-
өрнек салған, т.б. жетік білген.
Үлкен мемлекеттік жəне əскери қызметтерде болып, ұзақ жылдар бойы Моғол стан-
ның (Қашғар хандығы) ханы Саидтың ұлының тəрбиешісі болып қызмет атқарады. Өзі 
билік құрған Үндістанның Кашмир қаласында қайтыс болған. 
Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түрікменстан жəне Үндістан жерлерінде өткен көптеген 
оқиғалардың куəгері əрі оларға қатысушы ретінде Хайдар Дулат баға жетпес тарихи еңбек 
(«Тарих-и Рашиди») жазады. Онда қазақтардың, өзбектердің, қырғыздардың тарихы, 
мəдениеті, шаруашылығы, тұрмысы, салт-дəстүрі жөнінде маңызды деректер келтіреді. 
Оның кітабы Қазақ хандығының тарихы бойынша аса құнды еңбек болып табылады. 
Осылайша Хайдар Дулат тұңғыш рет Қазақ хандығының құрылған мерзімі жəне Жə ні-
бек пен Керейдің тұңғыш қазақ хандары болғаны туралы хабардар етеді.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
588
Уəлиханов Шоқан
Уəлиханов Шоқан
(шын аты – Мұхамедқанафия) 
Шыңғысұлы (1835 – 1865) – ғалым, этнограф, ориенталист, 
тарихшы, географ, фольклортанушы. Ол Құсмұрын 
бекінісінде (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. 12 
жасына дейін жеке меншік мектепте білім алады. Сонда 
жүріп өлең, жыр, аңыз-əңгімелерді оқып үйренеді. Араб, 
парсы, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгереді. 
1847 жылдың күзінде кадет корпусына оқуға түседі. 
Осында жүріп Оңтүстік Сібір, Байқал, Алтай, Орал, Еділ, 
Каспийді зерттеген П.С. Палластың «Саяхаты», Орал, 
Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен этнографиясын 
жазған П.И. Рычковтың күнделігі сияқты сирек 
кездесетін көне қолжазбалармен танысады. 1853 жылы 
кадет корпусын бітірген соң Сібір казак-орыс əскерлеріне 
қызметке жіберіледі. 1854 жылы Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт Шоқанның 
ерекше қабілетін байқап, өзіне адъютант етіп алады. 1855 жылы К.К. Гутковскийдің 
экспедициясымен Қапалда болып, қазақ ауыз əдебиетінің үлгілерін жинайды. 1856 жылы 
Семенов Тянь-Шанскиймен кездеседі, ол болашақ Шығыс зерттеушісі – Шоқанға бағыт 
беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал жасайды. Осы жылы Шоқан 2 экспедицияға 
қатысады. Ол қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан 
хандығының экономикалық-саяси жəне əлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, 
«Қоқан хандығы туралы жазба» атты белгілі еңбегін жазады. Ыстықкөлдің картасын 
жасауға қатысады жəне осы сапарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай 
империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» 
деген тарихи-этнографиялық шығармаларында суреттейді. Уəлихановтың ғылыми 
қызметі Орыс география қоғамының назарын аударып, 1857 жылы 27 ақпанда қоғамға 
мүшелікке алынады. 
Уəлихановтың 1858 жылғы Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа 
кезең болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы Геос қана болған 
жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет