576
СПОРТ
Саша мектепте оқып жүрген жылдары жүзумен айналысты. Ату шеберлігіне оны
спортқа еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасуды Қазақстанның ең
мықты деген бапкерлері үйретті. 1996 жылғы Олимпиадада Парыгин бессайыстың
бірінші түрінен – дүбірлі тапаншамен атуда 11-ші орын алды. Қылыштасудан үміті
ақталып, 1-ші орынға ие болды. Жүзуден – 21-ші орын. Атқа салт мініп жүруден екінші
орынға ие болды. Енді жүгіру. Мəреге бір жарым айналым қалғанда қазақстандық
спортшы ресейлік Зеновты басып озды. Александр Парыгин осылайша жігерлілігінің
арқасында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін таңғалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: