3-бөлім. Белдесу. 1. Екі балуан ортаға шақырылып, бір-бірінің белбеуін екі қолымен ұстайды;
2. Балуандардың оң қолы қарсыластың сол қолының сырты арқылы жəне сол қолы тиісінше оң қолдың асты арқылы белбеуден ұсталады;
3. Бірінші кезекте қызыл беренді балуан қарсыластың белбеуінен ұстайды;
4. Кілем жетекшісі жəне ортадағы төреші екі жағынан қадағалайды;
5. Белдесуде жеңіліс табады:
5.1 қайсы қарсыластың қолы бірінші белбеуден шығып кеткен;
5.2 қайсы қарсылас екі қабатты белбеуді қосып ұстап, артынан саусақтарын белбеудің бір ғана қабатына өткізіп алуға əрекеттенгенде;
5.3 қайсы қарсыластың аяғы бірінші кілем шеңберінен шығып кеткен;
5.4 бірінші тізесі тиген;
5.5 балуандардың қайсысының екі аяқтан бөлек үшінші нүктесі (тізе, жамбас, шынтақ, қол, бас, арқасы, арқасының жаны, иық) кілемге тигені;
5.6 балуан қарсыласын көтеріп шеңберден алып шыққанда; Ескерту: белдесу кезінде қандай да бір əдіс жасау арқылы қарсыласын тастаған жағдайда, əдіс жасаушы балуанның бір иығы кілемге жанасуы (əдіс жылдам жасалуы шарт) арқылы жасалса əдіс нəтижесі жасаушы балуанға беріледі.
6. Белдесу уақыты ересек, жастар, 23 жасқа дейінгі жастар арасында 2 минут (120 секунд); Жасөспірімдер, кіші жасөспірімдер жəне балалар арасында 1 минут (60 секунд).
7. Белдесуде уақыт аяқталып өзара тең түскен жағдайда, балуандар таразыға тартылып салмақ дəрежесі төмен болған балуан жеңіске жетеді.