Қазақ күресінің мақсаттары


-бөлім. «ЕСКЕРТУ» жəне «ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ» берілетін себептер жəне оған қатысты жағдайлар



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі19,09 Kb.
#89580
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
қазақ күресі

5-бөлім. «ЕСКЕРТУ» жəне «ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ» берілетін себептер жəне оған қатысты жағдайлар.
1. «Ескерту» берілетін жағдайлар:
1.1 Кілемге шақырылған балуан 30 секундтан 2 минутқа дейінгі уақытта кешігіп шықса;
1.2 Əдейілеп белбеу шешілгені əшкере болған жағдайда;
1.3 Бір балуанның күрестен қашқақтағаны белгілі болған жағдайда;
1.4 Күрес кезінде балуандардың біреуі кілем шеңберінен күресуден қашқақтап шығып кеткенде;
1.5 Қарсыласты тепе-теңдіктен шығармай аяқпен тебу;
1.6 Əдіс жасамай қарсыласты ығыстыру арқылы кілемнен итеріп шығару;
1.7 Əр түрлі жағдайдағы (астынан, үстінен, жағадан, жеңнен, белбеуден т.б.) шынтақ буынын тік ұстап 3 секундтан астам уақыт тіреп жүрген жағдайда;
1.8 Қолдың кез келген бөлігімен (саусақ, алақан, білек, шынтақ, иық) белбеуден төмен берен жалғасы (етегі), шолақ шалбардың не аяқтың кез келген жерінен ұстауы жəне əдіс жасаған кезде;
1.9 Өз жағасын кез келген жерінен екі қолының бірімен не екеуімен ұстап қарсыласқа мүмкіндік бермеу;
1.10 Балуан өз беренінің жеңін түруі не қолтығына қарай жинауы;
1.11 Қарсыластың білезік тұсынан бастап саусағына дейінгі арақашықты ұстаған жағдайда;
1.12 Қарсыласқа саналы түрде тек қана тізе арқылы жасалатын əдіс қолданған жағдайда;
1.13 Балуандар X тараудың 1-ші бөлімінің, 1 тармағы, 1.1, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8 тармақшасында көрсетілген (тыйым салынған əдістер не айлатəсілдерді) бірінші рет не қайта қолданған жағдайда беріледі;
1.14 «Ескерту» - төреші тиесілі болған балуанның иық тұсына бір қолының алақанымен бағыттайды, екіншісімен қарсыласқа берілетін ұпайды көрсетеді;
1.15 бірінші «Ескерту» – 0 ұпайына тең;
1.16 екінші «Ескерту» – 0 ұпайына тең;
1.17 үшінші «Ескерту» – бір «АЙҚЫН БАСЫМДЫЛЫҚҚА» тең;
1.18 «Қатаң ескерту» - «Таза жеңіске» тең;

2. «Қатаң ескерту» берілетін жағдайлар:


2.1 Кілемге шақырылған балуан 2 минутқа дейінгі уақыттан кешігіп шықса;
2.2 спортшылар X тараудың 1-ші бөлімінің, 1 тармағы, 1.2, 1.3, 1.4, 1.9, 1.10 тармақшасында көрсетілген (тыйым салынған əдістер не айлатəсілдерді) қолданған жағдайда беріледі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет