1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар қойыңдар. Сәуле мен Бақыт – дос. Олардың мінездерінде ұқсастық көп. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Олар – үздік оқушылар. Сәуле бірінші болып аталса, Бақыт екінші кезекте тұрады. Олар үлкенді сыйлайды. Сыныптастары оларды мақтан етеді. Қос қыздың жұбы жазылмайды.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сөздерден қатыстық сын есім жасап жазыңдар.(Мейірім, білім, ән, көңіл, шын, күз) Сәуленің мінезі... . Менің құрбым өте ... . Бізге ... ұстаздар сабақ береді. ... досың болған қандай жақсы. ... күн шуағын төгіп тұр. Достарың шетінен ... екен!
3-тапсырм. Етістіктің тиісті жалғауын жалғап, сөйлемді аяқтаңдар.
Менің досым қыдыру...............жақсы көреді.
Құрбым кино көру.............ұнатады.
Сыныптастарым сапар шегу............үйренген.
Жаңа достармен танысу....................... мүмкіндігі туады.
тапсырма. Құрбыларыңа мінездеме жазыңдар.
4-сабақ
Досымның келбеті
1-тапсырма.Диалогты оқып, жалғастырыңдар.
Данияр, менің досыммен танысып қой, аты Иван!
Менің атым Данияр, танысқаныма қуаныштымын!
Мен де қуаныштымын?
Иван, сен қай қалада тұрасың?
Мен Астана қаласында тұрамын.
Екеуің қалай таныстыңдар?
Біз жазғы демалыста, балалар лагерінде таныстық.
Еркіннің саған қандай қасиеті ұнайды?
Ол өте шыншыл әрі бауырмал.
Оның ән айтатынын білесің бе?
Иә, ол қазақтың дәстүрлі әндерін тамаша орындайды!