1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар қойыңдар. Сәуле мен Бақыт – дос. Олардың мінездерінде ұқсастық көп. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Олар – үздік оқушылар. Сәуле бірінші болып аталса, Бақыт екінші кезекте тұрады. Олар үлкенді сыйлайды. Сыныптастары оларды мақтан етеді. Қос қыздың жұбы жазылмайды.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сөздерден қатыстық сын есім жасап жазыңдар.(Мейірім, білім, ән, көңіл, шын, күз) Сәуленің мінезі... . Менің құрбым өте ... . Бізге ... ұстаздар сабақ береді. ... досың болған қандай жақсы. ... күн шуағын төгіп тұр. Достарың шетінен ... екен!
3-тапсырм. Етістіктің тиісті жалғауын жалғап, сөйлемді аяқтаңдар.
Менің досым қыдыру...............жақсы көреді.
Құрбым кино көру.............ұнатады.
Сыныптастарым сапар шегу............үйренген.
Жаңа достармен танысу....................... мүмкіндігі туады.