а. Ақысы желінген кісі белгісіз болса Ақысы желінген кісі белгісіз болып немесе артында бірде-бір ұрпақ қалмаған жағдайларға
кезігіп жатамыз. Бұл жағдай екі түрлі реттеледі.
1) Жеке меншік мал. Иесі белгісіз харам мал сол иесінің атынан кедей-кепшіктерге садақа
етіледі. Бұл кезде қолындағы кісі малын садақа еткен адам ешқандай да сауаптан дəметпейді.
2) Ортақ мал. Малдың белгілі бір иесі болмаса, күнəсінен тазарып кешірім алу үшін бұл
харам малды барша мұсылмандардың игілігіне жұмсалатын жеріне берілгені дұрыс.
Кейде қолдануға харам затты түпкі иесіне немесе мұрагерлеріне апарып беру айтарлықтай
қауіп төндіруі де мүмкін. Ақысы кетіп, көп жыл жоқшылық тартқандар ізгі ниетпен тəубе еткен
əлгі кісіге ондайда тарпа бас салып, қанауға-тонауға мысал етуге болады. Мұндай жағдайда ол
заттың егесін жоққа санап, тыныш жүре берген дұрыс. Ал егер бұлай болмай жатса, зат иесінің
де, өзінің де кешірілуін сұрап көбірек дұға еткен дұрыс. Жəне де қолданылған дүние мөлшері
шамалас затты сауапты іспен айналысатын мекемелерге бағыштау да Аллаһтың кешіріміне
себеп болуы мүмкін. Бұл да мұсылмандарға ұсынылатын шешім.