Біртекті магнит өрісінің берілген нүктедегі магниттік индукциясы магниттік моменті бірге тең рамкаға әсер етуші максималь магниттік моментке тең. Магнит өрісін магнит индукуциясы сызықтарымен кескіндеуге болады. Осы сызықтардың әрбір нүктесіне түсірілген жанама векторы бағытымен сәйкес келеді. Оның бағыты оң бұранда ережесімен беріледі: бұранданың ұшы токтың бағытын көрсетсе, оның айналу бағыты магнит индукциясы сызықтарының бағытын көрсетеді. Магнит индукциясы сызықтары әрқашан да тұйық және тоғы бар өткізгішті толығымен қамтиды. Осыған дейін біз макротоктарды, яғни өткізгіштерден ағатын токтарды қарастырдық. Бірақ та, француз физигі Ампердің болжамы бойынша кез келген денеде атомдар мен молекулалардағы электрондардың қозғалысы тудыратын микротоктар болады. Осы микроскопиялық молекулалық токтар өздерінің магнит өрісін тудырады және макротоктардың магнит өрісі әсерінен бұрыла алады да денеде қосымша магнит өрісін тудырады. Сонымен, магнит индукциясы векторы барлық микро және макротоктар тудыратын қорытқы магнит өрісін сипаттайды. Макротоктардың магнит өрісін кернеулік векторы сипаттайды. Магнит индукциясы векторы мен кернеулік арасындағы байланыс келесі теңдеумен өрнектеледі: