векторының циркуляциясы магниттік тұрақты мен токтардың алгебралық қосындысының көбейтіндісіне тең болады.
-тоғы бар өткізгіштер саны ( контурдағы).
Дәріс № 11 Заттағы магнит өрісі.
1.Магнетиктердің түрлері. Диа-, пара және ферромагнетиктер.
2. Кюри температурасы. Екі орта шекарасындағы шекаралық шарттар.
3. Заттағы магнит өрісіне арналған толық ток заңы.
Кез келген затты магнит өрісіне орналастырсақ, ол магниттеледі, яғни магниттік моментке ие болады. Бұл заттың өзінде меншікті магнит өрісі пайда болады деген сөз. Ампер гипотезасына сүйеніп, сонымен қатар затты құрайтын атомдар мен молекулалар екенін ескерсек, онда кез келген затта атомдардағы және молекулалардағы электрондардың қозғалысы салдарынан микроскопиялық токтар пайда болады. Электронның атомдағы қозғалысын жуық шамамен шеңбер бойымен деп алайық. Осындай орбиталардың біреуі дөңгелек токқа эквивалентті, ендеше ол орбитальды магниттік моментке ие. Ол мынаған тең
(1)
мұндағы -ток күші, -электронның орбита бойымен айналу жиілігі, -орбита ауданы. Егер электрон сағат тілі бағытымен қозғалса, онда ток оған қарама-қарсы бағытталады және векторы оң бұранда ережесіне сәйкес электрон орбитасы жазықтығына перпендикуляр бағытталған (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |