Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Магнит өрiсi
|
Сынып:
|
10 А
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
Магнит өрісін тереңірек зерттеу жолдарын оқып үйрену, магнит өрісіне байланысты физикалық шамаларды білу.
|
Оқыту мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Қозғалыстағы заряд және магниттік өріс арасындағы өзара байланысты түсінеді, Лоренц күшін анықтауға арналған формуланы біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі: алған мәліметтерді өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
|
Кейбір оқушылар: оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Лоренц күшінің анықтамасын айта алады. Мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: зарядталған бөлшектер, Ампер күші, Лоренц күші, сол қол ережесі, қозғалыс траекториясының радиусы.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Ампер күші дегеніміз қандай күш? Ампер күшінің бағыты қалай анықталады? Магнит ағыны дегеніміз не? Лоренц күші қандай шамаларға тәуелді? Лоренц күшінің бағытын қандай ереже бойынша анықтайды?Лоренц күшінің жұмысы не себептен нөлге тең?Ампер күші мен Лоренц күшінің ұқсастығы және айырмашылығы?
|
|