Тақырыбы: «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ»



Дата11.02.2020
өлшемі41 Kb.
#57808
Байланысты:
сыныптан тыс іс-шара Бағила

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ»

(Сыныптан тыс іс-шара)

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Орал қ.

физика пәнінің оқытушысы Аитжанова Багила Бердешовна


Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,кейбір мәліметтерді сайыс барысында түсіндіру,сабақта алған білімдерін өмірде

пайдалана білуге үйрену.



Дамытушылық: білім дағдыларын дамыту, ізленіске ұмтылдыру, ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, өзін-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті құралдар, марапаттау қағаздары.


Жоспары:

1 «Қайталау – оқу анасы.»

2 «Ғалымдар аты өшпейді»

3 «Жеті рет өлшеп,бір рет кес»

4.Жұмбақтар сайысы.

5.Формулалар вальсі.
Мұғалім:

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып,зерттеп,көрем білем

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.

Бүгінде физика барлық жерде,

Құрлыста,техникада,өндірісте

Сырларын бұл ғалымның меңгеріңдер,

Шәкірттер, ынта қойып үлгеріңдер.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп бүгінгі «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал,оқушы , ұстаздар

Ортаға назар салайық,

Сайыскерлер шықпақ сайысқа, Білімді қол соғып, қарсы алайық-деп ду қол шапалақтап, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


1.»Қайталау – оқу анасы» . (Сергіту)

Бұл кезеңде сайыскерлеріміз оқылған физикалық анықтамаларға кестешелерді көтеру арқылы жауап береді (.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.) Әділқазылар әр бөлімді бағалайды. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз.

1.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (Ішкі энергия)

2.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы. (Жылу мөлшері)

3.Денеге басқа денелер әсер етпеген жағдайда жылдамдығын сақтау құбылысы. (Инерция).

4.Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу ,елеусіз аз болатын газ.(Идеал газ)

5.Өз сұйығымен динамикалық тепе –теңдікте болатын газ.(Қаныққан бу)

6.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.(Ток)

7.Бір дененің екінші бір дене молекулаларымен өздігімен араласу құбылысы қалай аталады.(Диффузия)

8.Сұйықтың буға айналу құбылысы.(Кебу)

9.Бірлік ауданға түсірілетін күш.(Қысым)

10.Электр заряды жоқ бөлшек.(Нейтрон)

11.Заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі.(Балқу)

12.Қозғалыстың шапшаңдығын,бағытын сипаттайтын шама.(Жылдамдық)

13.Кебу процесіне кері процесс.(Конденсация)

14.Жылу берілудің қатты заттардағы түрі.(Жылуөткізгіштік)

15.Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді.(Артады)

16.Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі (Механикалық қозғалыс)

17.Дене пішінінің,көлемінің өзгеруі (Деформация)

18.Жылудың ауа мен сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвекция)

19.Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті (Инерттілік)
2 .Берілген сұрақтар бойынша қай ғалым туралы айтып жатқанын табу керек. «Ғалымдар аты өшпейді».

1.«Екінші ұстаз » атанған ұлы бабамыз.(Әл-Фараби).

2.Бұл ғалымды «сері» «классикалық механиканың атасы»деп атаған .Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі аталған (И.Ньютон).

3.МКТ-ның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым (М.В.Ломоносов).

4.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Э.Торричелли).

5.Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым (Г.Галилей).


3 .Тәжірибе көрсетіледі, қандай құбылысқа немесе заңға байланысты екенін түсіндіру. «Жеті рет өлшеп бір рет кес»

1.Суға батырылған тиынды қолыңды суға тигізбей қалай алуға болады.(Атмосфералық қысым).

2.Піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратуға болады.(Инерция).

3.Неге екі динамометрдің көрсетулері бірдей.(Ньютонның үшінші заңы).

4.Неге картоптың біреуі батып кетіп біреуі қалқып жүреді.(тығыздық).
4 .Жұмбақ сайысы.Бұл сайыста әр түрлі нұсқада берілген сұрақтардың бір ғана жауабы болады.

а/көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді.(5 ұпай).

б/Жүрегінің қуаты 2.2 вт.(3 ұпай).

в/Ғұмырында 40 тонна тамақ жиді.(2 ұпай). /Адам/

г/Жердегі ең ақылды адам (1 ұпай).

а/Адам ағзасында бар зат.(1 ұпай).

б/Заттың үш күйінң біреуі.(3 ұпай).

в/Үш күйдеде бола алады.(2 ұпай). /Су/

г/Жерде онсыз өмір жоқ(1 ұпай).

а/зерттеу жұмыстарында құрал ретінде қолданады.(5 ұпай).

б/Іші ауаға толы.(3 ұпай).

в/Спортшы осы денемен дос.(2 ұпай).

г/Шар тәріздес.(1 ұпай).
5.Формулалар вальсі.

Берілген физикалық шамаларды дұрыс орналастырып,формула құрастырып айту қажет. (Дұрыс жауап 4 ұпай).


Қорытынды: Сайыскерлердің ұпайы саналып, жеңімпаз оқушы жарияланып, марапатталады.
Мұғалім: Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Болашақта білімнің тек биік шыңынан көріне беріңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет