Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді.
Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.
Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |