Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары



бет24/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады.
Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді.
Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді.
Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды.
Бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады.
Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттарының уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, кәсіптік оқыту жөніндегі ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет