Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет37/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы, немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Педагог-психолог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Психология» мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет