Жоғары дәрежелі тілде программа қүрастыру, әрине, ыңғайлы. Мәтінді редакторда тердің, командаларды есепті шешу алгоритміне сөйкес жаздың — болды. Бірақ программаның бастапқы мәтіні — олі толық жараімды программа емес, бұл тек жұмысқа «қосуға» мүмкін емес арнайы командалардың (программалау тілі операторларының) жиынтығы, өйткені оларды процессор орындай алмайды. Сондықтан программалаудың кез-келген тілінде жазылған программаларды алдымен процессор тіліне аударады, яғни машиналық кодқа айналдырады.
Әртүрлі программалау тілдерінің арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтардың болуына қарамастан олардың барлығында негізгі операцияларды жүзеге асырудың ұқсас құралдары бар. Бұдан басқа әртүрлі программалау тілдерін пайдаланғанда жұмыс істеу қиындығының түрліше болатындағына қарамастан кез келген программаны жасауда кез келген типтегі программалау тілін пайдалануға болады.
Бұл тілдердің әрқайсысына тоқталмай-ақ, осы тілдерді машина тіліне аударушы трансляторлардың жұмысына тоқталайық. Машина тілінен өзгеше программалау тілінде құрылған программа компьютерде орындалу үшін жарамды түрде, яғни машина тіліне түрлендіруі тиіс. Мұндай түрлендіру трансляциялау немесе аударғыштар деп аталады.