Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет30/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   130
Байланысты:
6. leksia

1. Компьютерлiк вирустар.
Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.
Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар:
- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi;
- Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi;
- Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады;
- Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды;
- Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т.б.
Вирустар орналасу орындарына қарай желiлiк, файлдық және жүктелетiн болып жiктеледi. Желiлiк вирустар компьютерлiк желi арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетiн вирустар –дискiнiң жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердiң жүйелiк жүктелуiн құрайтын секторына (Master Boot Record) орналасады.
Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне қарай резиденттi және резиденттi емес болып екiге бөлiнедi. Вирус жұққан программа iске қосылғанда, резиденттi вирустың көшiрмесi компьютердiң жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған барлық программаларға жұғады. Резиденттi вирустар компьютер жедел жадында орын алып тұрады да, компьютер iстен шығарылғанға немесе қайта iске қосылғанға дейiн өз жұмысын атқарады. Резиденттi емес вирустар компьютердiң жадында орналаспайды және олардың жұмыс iстеу уақыты шектеулi болып келедi.
Вирустардың деструктивтi мүмкiндiктерiне қарай, яғни олардың атқаратын iс-әрекеттерiне байланысты оларды мынандай топтарға бөлуге болады:
- қауiпсiз вирустар әсерi дискiдегi бос орынның азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да эффектiлердiң кемуiмен шектеледi (оның тарау нәтижесiнде тек дискiнiң бос жады кемидi);
- қауiптi вирустар компьютердi жұмысынан жаңылыстыратын көңiл аударарлық зиянды әрекеттер туғызады;
- өте қауiптi вирустар әсерiнен көптеген программалар, мәлiметтер, жедел жадының жүйелiк аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажеттi ақпараттар жойылып кетедi.
Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай оларды мынадай да топтарға бөлуге болады:
- компаньон-вирустар (companion) – файлдарды өзгертпейтiн вирустар, бiрақ олар осы атқарылатын .EXE-файлға ұқсас кеңейтілмесі .COM болып келетiн орындалатын файлдар жасап шығарады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшiн XCOPY.COM атты тағы бiр файл пайда болады. Вирус осы .СОМ-файлға жазылады да, .ЕХЕ-файлды өзгертпейдi. Бiрақ XCOPY файлын орындау қажет болғанда, алдымен вирусы бар .СОМ-файл орындалып, тек сонан кейiн ғана .ЕХЕ-файл орындалады.
- құрттар (worm) – компьютерлiк желi арқылы таралатын және компаньон-вирустар сияқты файлдарды, дискiдегi секторларды өзгертпейтiн вирустар. Бұлар желi арқылы компьютердiң жадына орнығып алады да, басқа компьютерлердiң желiлiк адрестерi бойынша өз көшiрмелерiн таратады. Кейбiр жағдайларда мұндай вирустар дискiлер жүйесiнде жұмыс файлдарын құрып алғанмен олар компьютер жадынан өзге ресурстарын пайдаланбайды.
- “паразиттiк“ топқа кiретiн вирустардың әсерi тиген дискiлiк секторлар мен файлдардың мазмұндары өзгерiп кетедi. Құрт немесе компаньон-вирустарға жатпайтын басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi;
- “студенттiк“ – вирустарға болар болмас әсер ететiн, резиденттi емес, қателер саны өте көп вирустар тобы кiредi;
- “стелс“- вирустары (көрiнбейтiн вирустар, stealth) дамыған программалар тобына жатады, зақымдалған файлдар өңделуге тиiс сәттерде олардың орнына мәлiметтердiң ауру жұқпаған бөлiктерiн орналастырып, оларды да зақымдай бастайды. Оның үстiне бұл вирустың жұғу алгоритмi күрделi, әрi жоғарғы деңгейде болғандықтан антивирустық программаларға оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес;
- полиморфик – вирустар (өздiгiнен өрбитiн немесе елес-вирустар) – өте қиын табылатын вирустар тобына жатады. Көп жағдайларда бiр полиморфик-вирустың екi түрлi бейнесi бiр-бiрiне сәйкес келмейдi.
-макро-вирустарға – мәлiметтердi (мәтiндiк редактор және электрондық кестелер) өңдеу жүйелерiне ендiрiлген макротiлдердiң мүмкiндiктерiн пайдаланатын вирустар тобы жатады. Қазiргi кезде Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдiретiн макровирустар көп тараған.
Кейбiр вирустардың таралуы әсерiнен программалардың жойылуы, мәлiметтердiң немесе жадының жүйелiк аймақтарында жазылған ақпараттардың өшiп қалуы сияқты қолайсыз жағдайлар кездесiп отырады. Осыларды болдырмау үшiн немесе бола қалған күнде де олардан арылу мақсатында вирустармен күресуге арналған арнайы антивирус, яғни вирустарға қарсы күресетiн программалар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет