2. AVP программасының мүмкiндiктерi. Антивирустық программалар – компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы программалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған программалар.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын антивирустық программалар: Aidstest, DrWeb, NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т.б.
Жұмыс барысында антивирустық программалар:
- жедел жадты (DOS, XMS, EMS);
- архивтелген (сығылған) барлық файлдарды;
- жүйелiк секторларды (Master Boot Record), жүктелушi секторды (Boot-сектор) және дискiнi бөлу кестелерiн (Partition Table) тексередi;
- иiлгiш, жергiлiктi, желiлiк және CD-ROM дискiлерiн;
- обьектiлердiң өзгергенiн немесе өзгермегенiн және т.б. тексередi.
Антивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді: