ЕнгізуСуретКартинкалар (ВставкаРисунокКартинки...) командасын орындағаннан кейiн экранда әртүрлi графикалық және дыбыстық объектiлер қосуға мүмкiндiк беретiн Microsoft Clip Gallery программасының терезесi ашылады (20-сурет). Коллекциялар тізімінен өзімізге қажетті бөлімнен суретті өз қалауымызша таңдап аламыз.
20-сурет. Сурет Картинкалар командасы.
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін MS Word мәтіндік редакторының арнаулы WordArt программасы қолданылады. Оны қосу үшін:
1)Сурет саймандар тақтасындағы WordArt объектiсiн қосу батырмасын шертеміз немесе ЕнгiзуСуретWordArt объектiсi…командасын пайдаланамыз (21-сурет). Мәтiндi әр түрлi тәсiлмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу, үлкейту, қысқарту мүмкiндiгiн беретiн WordArt программмасының көмегiмен мәтiнге әртүрлi эффектiлер беруге болады.
21-сурет.WordArt объектісін қою командасы.
Microsoft Equation 3.0 программасының көмегiмен Word мәтiндiк редакторында жазылған құжатқа математикалық элементтердi енгiзуге болады. Ол үшін:
1)ЕнгiзуОбъект (ВставкаОбъект) командасын орындағанда ашылған терезеде (22-сурет) Microsoft Equation 3.0 қатарын таңдаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шертемiз;
Достарыңызбен бөлісу: |