Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет60/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Слайдқа мәтiн, сурет, графикалық объектiлерді арнайы шаблон көмегiмен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбаттық терезесiнде слайдтағы мәтiн, графикалық объектiлер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай отырып енгіземіз. Қажеттi схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (5-сурет). Әрбiр өрiсте әрекеттiң орындалуына байланысты қандай элемент енгiзiлетiнi көрсетiлiп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өрiс аймағында тышқанды бiр рет шертсек тақырып енгiзiледi т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейiн өзгертуге болады.
Формат­тала­тын мәтiндi ерекшелеп, белгiлеген соң ФорматҚарiп (ФорматШрифт) команда­сын орындағанда ашылған сұхбаттық терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегiмен тиiстi әрекеттердi орындаймыз.
Мәтiн енгiзу өрiсiнде оны таңбаланған тiзiм түрiнде жазған ыңғайлы. Стандартты таңбаларды өзгерту үшiн, таңбаланған тiзiм жазылған өрiсте тышқанды шертемiз де ФорматТаңба (ФорматМаркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбаттық терезесi ашылады. Осы тiзiмненен кез келгенiн таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретiнде қолдануға болады.
Слайдқа кесте, диаграмма, суреттер енгiзу әрекетiн слайдтың схемасын таңдаған кезде шығатын өрiс аймағында тыш­қанды екi рет шерту арқылы енгiзуге болады, яғни ЕнгiзуСурет (Вставкари­су­­нок)– командасын орындағаннан соң:
-Картинкалар (Картинки) –Microsoft Clip Gallery объектi­лерiн;
-Файлдан (Из файла) – файл тү­рiнде сақтаулы тұрған суреттердi;
-Автофигуралар – әртүрлi автофигуралар;
-Бiрнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма);
-WordArt объектiлерiн;
-сканерден көшiрме (со сканера);
-Microsoft Word кестесiн енгiзуге болады.
PowerPoint программасының графикалық объектiлердi бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы бiр мезгiлде бiрнеше слайдтардан тұ­ра­­тын презентациялармен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Осы себептi слайд­тар­ды қараудың бiрнеше режимдерi бар:
Слайдтар режимi – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтiн енгiзуге және өңдеуге, графика­лық объектiлер мен таблицалар енгiзуге болады. Сонымен бiрге өзiмiз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтiндiк түсiнiктемелер енгiзуге болады.
Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтiндiк мазмұнын көрсетедi. Бұл режимде презентациядағы мәтiндi өзгертуге немесе жаңа мәтiн енгiзуге бо­ла­ды. Слайд режимiнде жасаған безендiру әрекеттерiн құрылымдық режимде орындай алмаймыз.
Слайдтарды сұрыптау режимiнде – презентацияның барлық слайдтары тiзбектелiп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түрiне арналған слайдтардың фоны, түстердi таңдау сияқты ортақ параметрлердi тағайындай отырып, болған өзгерiстердi бақылауға ыңғайлы. Нақты бiр слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкiн емес болғанымен, оларды өшiру, қайталау, көрсету ретiн өзгерту әрекеттерiн орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимi – презентация кезiнде баяндамашы қолдану үшiн беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кiшiрейтiлген көшiрмесi беттiң жоғарғы бөлiгiне орналасады да, төменгi бөлiгiн мәтiндiк түсiнiктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимiнде – дайындалған презентация слайдтары бi­рi­­нен ке­йiн бiрi экранда көрiне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эф­фектiлер экранда көрiнедi (графикалық объектiлер немесе мә­тiн­нiң әрiптерi бiрiнен ке­йiн бiрi жоғарғы, төменгi немесе т.б жақтан ұшып ке­луi, түсi өзгеруi т.б.).
Осы режимдердiң бiрiне көшу үшiн, Түр (Вид) командасының iшкi ме­ню­iн­­дегi қа­жет­тi режимнiң бiрiн таңдаймыз немесе программа терезесiнiң сол жақ төменгi шетiнде орналасқан режим батырмасының тиiстiсiн шерту жеткi­лiк­тi (6-сурет).

6-сурет. PowerPoint программасында слайдпен жұмыс iстеу режимдерi.

Әрбiр адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бiр-бiрiне тәуелсiз мынадай элементтерiн тағайындауға болады:


Слайд белгiленуi (Разметка слайда) – слайд белгiленуi ретiнде слайдқа орналастыратын мәтiн, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.
Түрлi түстер схемасы (Цветовая схема) – түстердiң кең мөлшерлi спектрiнен кез келген түстi таңдау мүмкiндiгiн бередi.
Фон - слайдтағы түстер тек бiртүстi ғана болуы мiндеттi емес. Палитрадағы ұқсас түстердiң бiрiнен басқасына бiртендеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бiр түстiң өзiн вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстiң әр түрлi өрнектерiн шығаруға болады.
Слайд белгiленуiн (Разметка слайда) яғни мәтiн, сурет, диаграмма элементтерiнiң слайдтта орналасу схемасын презентацияның әрбiр слайдына өз қалауымызша таңдау мүмкiндiгi бар. Слайд белгiленуiн тек презезентация құрылатын кезде ғана емес, онымен жұмыс iстеп отырып, кез келген уақытта өзгертуге болады.
Слайд белгiленуiн тек бiр слайд үшiн таңдау қажет болса, слайд режимiнде ФорматСлайд белгiленуi (ФорматРазметка слайда) командасын орындаймыз. Ал, бiрнеше слайдтың белгiленуiн өзгерту үшiн, осы команданы слайдтарды белгiлеп алған соң орындаймыз. Бiрнеше слайдтар сүрыптау (сортировка слайда) режимiне ауысып, бiреуi белгiленген соң, келесiсiнде тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басып тұру арқылы белгiленедi.
Түрлi түстер схемасы әрбiр шаблон компоненттерiнiң бiрi болып табылады. Ол презентацияның әртүрлi элементтерiн безендiруге арналған реттелген сегiз түрлi түстер тiзбегiнен құралған. Түрлi түстер схемасында слайдтардың фоны бiрiншi орында түрады, қалған жетi түс фонның үстiне орналасатын мәтiн, диаграмма және басқа объектiлердiң безендiруге арналған.
ФорматТүрлi түстер схемасы (ФорматЦветовая схема) командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезенiң Стандартты (Стандартная) астарлы бетiнде схеманың қажеттiсiн таңдау мүмкiндiгi бар. Ал, Арнайы (Специальная) астарлы бетiнде түрлi түстер схемасындағы түстердi өзгертуге болады.
Осы сегiз түрлi безендiру элементтерiнiң кез келгенiн өзгерту үшiн, Арнайы (Специальная) астарлы бетiнде қажеттiсiн таңдап алған соң, Түстi өзгерту (Изменить цвет) батырмасын шертемiз. Келесi ашылған сұхбаттық терезеде алтыбүрышты түрлi түстен және спектрден өзiмiзге үнаған түстi таңдаймыз.
Слайдтың бiр бөлiгiнен екiншi бөлiгiне қарай түстiң қанықтылығын өзгертуге және өрнек немесе текстура түрiнде түстердi әртүрлi етiп дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерiсiнiң арнайы грандиенттi қүю деп аталатын түрiн қолдана отырып, өте әдемi дизайндарды дайындауға болады. Құю тәсiлдерiн таңдау үшiн ФорматФон командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезедегi таңдау батырмасын шерткенде ашылған тiзiмнен Құю тәсiлдерi (Способы заливки) командасын орындаймыз. Осы мезетте Құю (Заливка) сұхбаттық терезесi ашылады.
Грандиенттi iшкi бетiнде кез-келген түстiң бiрiн және оған сәйкес штрихтеу типi мен вариантын таңдап, қажеттi эффектiнi дайындамыз. ОК батырмасын, одан қолдану немесе бәрiне Қолдану немесе Бәрiне қолдану батырмасының шертемiз.
Текстура және Өрнек (Узор) iшкi беттерiнде слайдтағы фонның түрлерiн әртүрлi етiп өзгерту мүмкiндiктерi бар. Ал фонға сурет қосу қажет болса, Сурет (Рисунок) iшкi бетiнде тиiстi форматта сурет жазылған файлдың сақталған орнын көрсету қажет.
Жеке слайдтарды безендiру үшiн, алдымен безендiрiлетiн бiр немесе бiрнеше слайдты көрсету қажет. Ол үшiн слайдтарды сұрыптау режимiне көшемiз. Қажеттi слайдтта тышқанды шертемiз. Егер бiр мезгiлде бiрнеше слайдты безендiру үшiн тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басулы күйiнде үстап түрамыз. Белгiленген слайдтар қалың жақтаумен қоршалады. Слайдтарды белгiлеген соң, тиiстi безендiру әрекеттерiн орындаймыз.
Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бiр жүйеге келтiрiлуi және анық бiр материалды тiзбектi түрде бейнелеу мәселесiн шешуi қажет. Презентация арқылы берiлетiн ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдануы үшiн, слайдтар бiрiнен кейiн бiрi толықтырып отыруы керек. PowerPoint программасында презентация слайдының бiрiнен келесiсiне өтудiң бiрнеше тәсiлдерi қарастырылған. Слайд фондарын таңдау сияқты, презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрiн де таңдауға болады. Слайдтардың бiрiнен келесiсiне ауысудың әрқайсысы бiрнеше варианттан тұратын оннан аса түрi бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет