Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
314
көркем образдармен, поэтикалық нышандармен байланыстыруға 
бейімділігінде десе де болады.
Қазақстандағы  кәсіби  философияның  іргесін  қалауы 
қоғамның  әлеуметтік  мүддесінен,  тарихи  процестің  қисынынан 
туындады. Социалистік кезеңді қаншама сынға алғанмен (оның 
тоталитаризмі  мен  атеизмі  үшін)  елімізде  әлемдік  өркениеттің 
өркендеуінен  қалмаудың  барынша  талпыныстары  болғанын  да 
мойындауымыз керек.
Кеңес  жүйесіндегі  білім  беру  саласы  әлемдегі  алдыңғы 
қатарлылардың  бірі  болды.  Ал,  философия  болса,  маркстік-
лениндік  идеологияны  басшылыққа  алғанмен  адамзаттың  ру-
хани байлығын игеруді де жоққа шығарған емес. Әрине, кейбір 
сыңаржақтылық оның кең құлаш жайып дамуына, құбылыстың 
мәніне  тереңдеп  енуге  кедергі  жасағаны  да  белгілі.  Дегенмен, 
философиялық ойлау жүйесінің барлық технологиясы жөнінде 
мағлұматтардың  қордалануы,  өзара  философиялық  сұхбаттың 
мәдениетін  қалыптастыру,  категориялық  аппаратты  игеру 
сияқты  күрделі  процестер  жүре  бастаған  болатын.  Бұл  заңды 
түрде Алматыда кейін үлкен беделге ие болған, талай мамандар 
тәрбиеленіп  шығуға  іргетас  болған  философиялық  мектептің 
қалыптасуына алып келді [8]. 
Әлемге әйгілі философия саласының кадрларын дайындау-
да Мәскеулік философиялық орталықтың әсері орасан болатын. 
Әсіресе, Э.В. Ильенков, И.В. Кузнецов, Е.П. Ситковский, П.В. Коп-
нин,  Б.М.  Кедров,  М.М.  Розенталь  және  т.  б.  мамандар  елімізде 
жетекші  мамандардың  өсіп-өркендеуіне  көмегін  берді.  Мәселен, 
Ж. Әбділдин, А. Қасымжанов, Л. Науменко, М. Баканидзе, Г. Югай, 
Ә. Нысанбаев, Қ. Әбішев, М. Бурабаев, М. Сужиков, Қ. Рахматуллин 
және т. б. Қазақстандағы кәсіби философияның бастауындағы ірі 
тұлғалар Мәскеулік философтармен тығыз байланыста болғанын 
жасырмауымыз  керек.  Олардың  қажырлы  еңбектерін  әрі  қарай 
дамытып,  кәсіби  философияның  алматылық  мектебіне  қомақты 
үлес  қосқан  М.  Сәбит,  Ғ.  Ақмамбетов,  А.  Қасабек,  А.  Хамидов,               
А. Қапышев, С. Колчигин, Г. Соловьева, М. Хасанов, Б. Нұржанов, 
Т. Ғабитов және т. б. көптеген дарынды ізденушілер болатын. 
Жалпы  ғылымның  барлық  түріне  негіз  болатын  таным  те-
ориясы  диалектика  мен  логиканың  келелі  мәселелерін  терең 
түрде  қарастырмай  өрби  алмайды.  Сондықтан  философиялық 
зерттеулердің  негізгі  бағдары  әдіснамалық  ұстындарды  жан-

315 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
жақты  сұрыптаудан  өткізу  қажет  болды.  Бұл  философия-
ны  барлық  ғылымдарға  өзінің  теориялық  бағдар  боларын 
дәлелдей түсті. Әсіресе, ғылыми-теориялық танымның логикасы, 
диалектиканың  ұстындары,  тарихи-философиялық  зерттеудің 
іргетасы сияқты маңызды салаларға философтар барынша назар 
аударып, оның философиялық сипаттамалары беріле бастады[8]. 
Бұл теорияның негізгі танымның жалпы, субстанционалды баста-
уларынан оның эмпириялық формаларына қарай жылжитынын-
да болатын. Осындай теорияны тұтасқандай түрде көрсету үшін 
ғылыми-танымның  диалектикалық-логикалық  ұстындарының 
мүмкіндіктерін айқындау қажеттігі айтылады [9]. 
Категориялардың  табиғатын  ашу  арқылы  теориялық 
ойлаудың  негізгі  формалары  мен  ұстындары  философиялық 
зерттеулердің объектісіне айналды. Әсіресе, субъект пен объект, 
себептілік, субстанция, күмәндану, даралық пен жалпылық және 
т. б. категориялар сыни талдаудан өткізілді [10]. Даму ұстанымы 
әртүрлі жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырыла отыры-
лып зерделенді. Міне, соның арқасында Қазақстанда философия 
саласы  бойынша  терең  теорияларға  негізделген  гуманитарлық 
білімдер  қалыптасу  процесі  басталған  болатын.  Жастардың 
арасында,  әсіресе,  студент  жастардың  арасында  философиялық 
білімді насихаттау елімізде кеңінен қолға алынғанына Ж.Әбділдин 
және Ә.Нысанбаевтар бастаған кәсіби философтар қауымы өткен 
ғасырда  үлкен  еңбек  сіңірді  деп  айтуға  болады  [11].  Осындай 
процеске  баға  бере  отырып,  халқымыз  үшін  маңызы  бар  тари-
хи  құбылыстың,  яғни  интеллектуалдық  деңгейді  көтеру,  ұлтты 
қалыптастыру,  жастардың  ойлау  мәдениетін  арттыру  сияқты 
мәселелердің қазіргі жаһандану жағдайында сабақтастық табуы, 
өрбуі – өмір қажеттілігі болып отырғаны айқын.
Өткен  ғасырдың  бел  ортасында  қазақстандық  филосо-
фия  барлық  ғылым  салалары  сияқты  кеңестік  ғылымның  даму 
қисынына,  басымдылықтарына  бағынды.  Біздің  еліміздегі 
ғылымның  дамуына,  негізінен,  өзінің  бағдарларын  Ре-
сей  ғылымының  жетістіктерінен  алса,  ол  өз  кезегінде  Батыс 
Еуропалық ғылымның дәстүрлері мен мұраттарына арқа сүйеді. 
Мемлекеттік құрылымдардың ғылымға деген көзқарасы ондаған 
жылдар  бойы  біыңғай  сипатта  болып  келеді  және  бұл  дәстүр 
көрші  мемлекеттердегі  сияқты  біздің  елімізде  сақталып  отыр. 
Ғылым  саласындағы  байланыстардың  қазіргі  жаһандану  және 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
316
технократиялану  заманында  маңыздылығы  зор  болып  отыр. 
Өйткені, кез келген ғылымның оқшауланып қалуы оның дамуын 
тежейді, әлемдік ғылыми үдерістен алыстата түседі. Сондықтан, 
ғылым  саласындағы  ақпараттың  біздің  мамандарымызға 
уақытылы және сапалы деңгейде жетіп отыруы маңызды. Осыған 
орай қазақстандық ғалымдар үшін қазақ және орыс тілдерімен 
қатар ғылыми ақпараттың ең көп тарайтын ағылшын тілін игеру 
қажеттілігі күннен күнге артып келеді. 
Бұрынғы  тарихи  кезеңдердегідей  әрбір  ғылым  өзінің 
нысандарындағы өзекті проблемаларын жеке-дара өздері ғана бо-
лып қарастырудың заманы өтіп барады. Көптеген маңызды про-
блемалар енді пәнаралық деңгейде талқылаудан өтіп, теориялық 
және  практикалық  түрде  қарастырылады.  Заманауи  тұрғыдағы 
ғылыми  ізденістер  енді  маңызды  үлкен  мақсаттқа  қызмет  ету 
үшін  жаңа  әмбебап  әдіснамалық  тұрғыдан  қарастырылуда. 
Барлық мәселелерді Батыс пен Шығыстың өзара түйісуі, жалпы 
планетарлық  тұтастанған  басымдылықты  ұстану  тұрғысынан 
қарастыру жөніндегі пікірлерді соңғы жылдары отандық фило-
софтар белсенді түрде айта бастады. Демек, ғылымның рухани-
адамгершілік  әлеуетінің  арттырылу  туралы,  оның  гуманистік 
мәнінің тереңдетілуі жөнінде жан-жақты тұжырымдар топтама-
сы жасалына бастады.
«Ғылым 
мен 
ойлаудың 
экологиялануы» 
туралы 
пайымдаулардың  зерттеушілер  арасында  пайда  болуы  заңды 
құбылыс  болатын.  Экология  мәселелері  барлық  халықтар  мен 
мемлекеттер  үшін  өзінің  өзектілігін  күннен  күнге  арттырып 
келеді. Заманауи «экологиялық дағдарыс пен апаттар» жөніндегі 
ақпараттар Жер шарының әрбір тұсынан келіп жатқаны зиялы 
қауымды  алаңдату  үстінде.  Бірақ  адами  әрекеттердің  жалғыз 
қисынға  ғана  бағына  бастауы,  яғни  материалдық  пайда  қуған 
компаниялардың  нысаны  болып,  олардың  көлеңкесінде  қалуы 
дүниенің  барлығын  дағдарысты  қиын  жағдайға  әкелді.  Табиғи 
инстинктің, өзімшілдіктің ғана мүддесін көздейтін капиталистік 
қоғам ертеңгі күннің мүддесін ескермей, оның жарқын болашағы 
туралы  терең  ойланбайтынын  байқатты.  Сондықтан  қазіргі 
ғылымның  дамуының  маңызды  қыры  оның  дүниетанымдық 
түлеуі, яғни экологиялануы болып табылады.
Ойлаудың барынша технократиялануы адамның өзіндік бол-
мысын  рухани  дамудан  біршама  басқа  бағыттарға  ауытқытып, 

317 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
руханияттың  нағыз  шынайы  қайнар  көзінің  мүмкіндіктеріне 
сенімсіздіктер туғызуға итермелейді. Әсіресе, жастар арасындағы 
дүниетанымдық  жүйелер  негізінен  технократиялық  бағдардың 
құрсауына түсіп жатқанын байқаймыз. Осындай жағдай ғылым 
философиясының  ауқымында  көптеген  мәселелерді  жаңаша 
қарауға шақырады. Жаңа заман адамы адам мен адам, адам мен 
қоғам, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынаста шынайы 
мәнін  де  жоғалтпауы  тиіс  екендігі  айқындала  бастады.  Ғылым 
философиясының  өткенді  саралау  ғана  емес,  сонымен  қатар 
болашаққа да болжам жасай алатындай қасиеті бар. Сондықтан 
ол осы қызметін әрі дамытуы тиіс екендігі мамандар арасында жиі 
айтыла бастады. Өйткені, қоғамның болашағы, табиғи ортаның 
болашағы  қазіргі  кезеңде  әрбір  саналы  азаматты  алаңдатады. 
Қазақстандық  философ-мамандар  осы  мәселелеге  үлкен  көңіл 
бөліп отыр. 
Адам  шығармашылығының  көкжиегі  кең,  бірақ  оның 
негізгі  мүддесі  рухани  құндылықтарды  сақтау  мен  дамытуға, 
табиғаттағы  үйлесімділікті  бұзбауға  бағытталған  жағдайда  ғана 
өзінің оңды нәтижелерін береді. Ол үшіні ғылым жеке дара жол 
таба алмайды және оған көмекке философия, дін, мәдениет, та-
рих тағылымы мен халық даналығы келуі керек. Міне сонда ғана 
ғылымның  құндылықтық  қыры  ұштала  түседі,  аксиологиялық 
талдаудың маңызы жалпы қоғамның дамуы үшін арта түседі. 
Ғылым  әдіснамасы  туралы  айтқанда  Батыста  белгілі  бо-
лып  қалған  атышулы  мамандарды  атап  өтеміз.  Мәселен, 
постпозитивистік бағыттағы батыстық ғылым философиясының 
өкілдері – К. Поппер, И. Лакатос, Дж. Агасси, Т. Кун, С. Тулмин, 
П. Фейерабенд, М. Полани, Р. Дж. Коллингвуд және т. б. маман-
дарды ғылымның әлеуметтік мәнін айқындауға тырысқан беделді 
ғалымдар  қатарына  жатқызуға  болады.  Т.  Кунның  ғылыми  ре-
волюциялар  теориясы,  И.  Лакатостың  зерттеу  бағдарламалары 
тұжырымдамасы,  П.  Фейерабандтың  ғылымның  сан  қырлы  да-
муының теориясы және т. б. ғалымдар арасында ХХ ғасырда кең 
тарап, мамандар арасында бұл бағыттардың утилитарлық және 
қолданбалы қырлары жөнінде тұжырымдар жасала бастады. 
Жоғарыдағы  теориялық  тұжырымдамалар  ғылымды 
нарықтық  экономикаға  қалай  бейімдеуге  болатыны  туралы 
көптеген ойларды талқыға салады. Ғылымды барынша шектеулі 
сипатта  мамандандырылуы  туралы  тұжырымдар  дәлелденіп, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
318
оның  практикалық  нәтижесіне  мән  беріле  бастады.  Кеңестік 
дәуірде көптеген ғылым салалары бойынша теориялық зерттеу-
лер кеңінен орын алғанмен оның қолданбалы тұстары біршама 
кенже  дамығаны  жөнінде  айтып  кетуге  болады.  Батыс  ғылымы 
дегенмен  әрбір  мамандықтың  тікелей  әлеуметтік  практиканың 
сұраныстарына жауап беріп, қоғамның болашағына қызмет етуді 
қолға  алды.  Соның  арқысында  қоғамдағы  кейбір  болуы  мүмкін 
әлеуметтік негіздегі жанжалдар мен тартыстар жөнінде мамандар 
тарапынан болжамдар жасалды. Әлеуметтік ғылымдар ауқымында 
пайда болған бұл жаңа бағыт – конфликтология деп аталды. Кон-
фликт,  яғни  дау-жанжал  қоғамда  әртүрлі  сипатта  көрініс  беруі 
мүмкін еді. Мәселен, ұлтаралық, дінаралық қатынастарда көрініс 
беріп, кейде тұлғааралық, әлеуметтік топтараралық, мемлекеттегі 
саяси  күштер  аралық  деңгейді  қамтуы  мүмкін.  АҚШ  және  Ба-
тыс Еуропа елдері бұл ғылыми бағытты өрбітуі үшін ғылымның 
бірнеше  саласын  жұмылдырып,  белгілі  бір  деңгейде  пәнаралық 
зерттеулер жасауға бетбұрғаны белгілі. 
Конфликттер теориясы саласы бойынша Т. Шеллинг, А. Ра-
попорт, Г. Райффа, Р. Фишер, У. Юри және т. б. атақты маман-
дар  әлемдік  гуманитарлық  білім  кеңістігінде  белгілі  бастады. 
Жаһандану заманының қисынымен, негізінен, өз мемлекеттерінің 
мүддесін  көздеген  зерттеушілер  кейбір  тартыстардың  табиғаты 
мен  мәнін  аша  отырып,  негізінен,  өздеріне  қолайлы  нұсқаны 
іздеумен  болды.  Дегенмен,  ғылымның  жаңа  қырлары  қазіргі 
біршама дүниенің өзгерген заманында әлеуметтік сұраныстарға 
сәйкес өзінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін байқата бастады. 
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік және гуманитарлық 
ғылымдар  әдіснамасы  мен  философиясы  жөнінде  терең 
теориялық жұыстар көп емес. Мамандар мәселенің осы қырына 
да  барынша  назар  аударғаны  жөн.  Себебі,  кез  келген  ғылым 
саласының жүйелі және тұтастанған кейіпте дамуы үшін нағыз 
әдіснамалық еңбектер қажет. Мамандардың қызығушылығын ту-
дыру үшін осындай ғылыми зерттеулерге Үкімет тарапынан ар-
найы мемлекеттік тапсырыстар берілгені жөн. 
Атап айтатын жайт, қазақстандық философтар елімізде адам 
капиталы мен білім қоғамын қалыптастырудағы ғылымның рөлін 
анықтауға  барынша  маңыздылық  беруде.  Мәселен,  философия 
ғылымдарының  докторы,  профессор  М.З.Изотовтың  ғылыми 
басшылығымен жүзеге асып жатқан ғылыми жоба жоғарыдағы 

319 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
мәселерді  философиялық  тұрғыдан  зерделейтін  еліміздегі 
бірден-бір зерттеулердің қатарына жатады. 
Қазіргі  тарихи  кезеңде  еліміз  дамыған  30  елдің  қатарына 
қосылуға  талпыныстар  жасап  жатыр.  Міне,  осыған  орай 
ғылымның  өндіріске  көмегі  қажет  екені  анық,  ғылыми  өнімдер 
коммерциялануға  тиісті  екені  де  айтылуда  және  соған  сәйкес 
Қазақстан Парламенті Заң да қабылдады. 
Ғылымды  жоспарлау  мен  қаржыландыру  бойынша 
мемлекеттің рөлі өзгерістерге ұшырап жатырғаны белгілі. Әрине, 
бұрынғы Ғылым Академиясы құрылымында орындалатын іргелі 
теориялық зерттеулердің орның Ғылым және білім министрлігі 
ұйымдастыратын  гранттық  зерттеулер  жүйесі  келді.  Тіпті, 
ғылыми  жобалар  негізінен  болашақта  мемлекеттік  тапсыры-
стар түрінде ғана орындалатыны сөз болуда. Дегенмен, дамыған 
елдердің  қазіргі  заманның  талаптарына  сәйкес  ғылымды  дамы-
ту  бойынша  бағыттары  мен  тәжірибесіне  сүйенетініміз  анық. 
Қазақстан ғылымының болашағы қазақстандық ғалымдардың өз 
еншісінде болғаны да жөн. 
    
Әдебиеттер
1 Проблемы логики и диалектики познания. Алма-Ата, 1963; Рах-
матуллин К.Х. Диалектический материализм и современная астроно-
мия. Алма-Ата: «Казахстан», 1965; Абдильдин Ж.М. Проблема начала в 
теоретическом познании. Алма-Ата, 1967; Нысанбаев А., Шляхин Г. Раз-
витие познания и математика. Алма-Ата, 1971; Абдильдин Ж.М., Нысан-
баев А.Н. Диалектико-логические принципы построения теории. Алма-
Ата, 1973; Нысанбаев А.Н. Диалектика и современная математика. Алма-
Ата, 1982 т. б.; Зарубежная оценка трудов академика А.Н. Нысанбаева. 
– Алматы, 2014.
2  Абдильдин  Ж.М.,  Нысанбаев  А.Н.  Диалектико-логические  прин-
ципы построения теории. Алма-Ата, 1973; Нысанбаев А.Н. Математика 
және дүниетану. Алматы, 1973; Проблемы истории и методологии на-
учного познания. М.: «Наука», 1974; Орынбеков М.С. Проблема субстан-
ции в философии и науке. Алма-Ата, 1975; Сабитов М.С. Диалектика 
необходимости и случайности в квантовой механике. Алма-Ата, 1974; 
Принцип  противоречия  в  современной  науке.  Алма-Ата,  1975;  Роль 
принципа  конкретности  в  современной  науке.  Алма-Ата,  1976;  Фило-
софско-методологические проблемы науки. Алма-Ата: «Ғылым», 1986; 
Роль категории «идея» в научном познании. Алма-Ата, 1979; Соотноше-
ние содержательного и формального в научном познании. Алма-Ата, 
1978 и др.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
320
3 Генезис категориального аппарата науки. Алма-Ата, 1990; Диа-
лектическая логика: Формы и методы познания. Алма-Ата, 1987; Диа-
лектическая логика: Диалектическая логика как методология современ-
ного  естествознания.  Алма-Ата:  «Наука»,  1987;  Логико-гносеологиче-
ский анализ науки, Алма-Ата, 1990; Математизация науки: социокуль-
турные  и  методологические  проблемы.  Алма-Ата,  1990.  Нысанбаев  А., 
Курбанов Р. Социологические и этические проблемы со временной на-
уки. Алма-Ата, 1988; Философско-методологические проблемы науки. 
Алма-Ата, 1986, и т.д..
4 Социокультурные и мировоззренческие основа ния развития со-
временной науки. Алма-Ата, 1993, ч.1 и 2. и др.
5  Генезис  понятийного  аппарата  науки.  Алма-Ата,  1990;  Социо-
культурные и мировоззренческие основания развития современной на-
уки. Алма-Ата, 1993. Ч. 1 и 2; Философский анализ науки в контексте 
социокультурной трансформации общества. Алма-Ата, 1995. и др.
6 Қараңыз.: Методы научного познания Алматы, 1996; Методоло-
гия науки в контексте взаимодействия восточной и западной культур. 
Алматы,  1998;  Нысанбаев  А.  Философия  взаимопонимания.  Алматы, 
2001; Изотов М.З., Фидирко В.А., Шайкемелев М.С. Наука в Казахстане: 
история  и  современность  (Философское  исследование  в  двух  книгах). 
Книга1. Алматы, 2006.- 217 c.; Нысанбаев Ә.Н. Қазақстан. Демократия. 
Рухани жаңару. – Алматы, 1999.
7  Нысанбаев  А.Н.,  Косиченко  А.Г.,  Кадыржанов  Р.К.  Философский 
анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества. 
Алма-Ата, 1995; Методы научного познания. Алматы, 1996; Философия. 
Наука.  Общество.  Алматы,  1997;  Методология  науки  в  контексте  вза-
имодействия восточной и западной культур. Алматы, 1997; Личность. 
Познание. Творчество. Алматы, 2007 г. и др.; Нысанбаев Ә. Адам және 
ашық қоғам. – Алматы, 1998.
8  Абдильдин  Ж.М.  Проблема  начала  в  теоретическом  познании. 
Алма-Ата, 1967; Науменко К.Л. Монизм как принцип диалектической 
логики. Алма-Ата, 1968; Баканидзе М.И. Проблема субординации ло-
гических  форм.  Алма-Ата,  1968;  Идеи.  Концепты.  Судьбы.  Институт 
философии и политологии – 50. – Алматы, 2008.
Абдильдин Ж.М., Нысанбаев А.Н. Диалектико-логические принци-
пы построения теории. Алма-Ата, 1973. Принцип противоречия в со-
временной науке. Алма-Ата, 1975; Роль принципа конкретности в со-
временной  науке.  Алма-Ата,  1976;  Абдильдин  Ж.М.,  Балгимбаев  А.С. 
Диалектика активности субъекта в научном познании. Алма-Ата, 1978; 
10 Абишев К.А., Акмамбетов Г.Г., Ротницкий В.И. Проблема субъек-
та и объекта в марксистской философии. Алма-Ата, 1975; Абишев К.А. 
Человек. Индивид. Личность. Алма-Ата, 1979; және т. б.
11  Нұрмұратов  С.Е.  Қазақ  руханиятын  зеределеу:  философ 
көзқарасы // Адам әлемі. 2012. № 3. 6-11 бб. ; А. Нысанбаев. Духовно-цен-
ностный мир народа независимого Казахстана: проблемы и перспекти-

321 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
вы. – Алматы, 2015; Нысанбаев Ә. Ғылым филсоофиясы. – Астана: ЕНУ, 
2016. (Соавт.: Ж. Нурманбетова).
3.4 Қазақстандағы фарабитанудың қалыптасуы мен дамуы
Философия тарихының, әсіресе, қазақ философиясының тари-
хы мәселелері қазақстандық философтардың әруақытта назарын-
да  болып  келді.  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  тәуелсіздікке 
қол  жеткізгенге  дейін,  философиядағы  материалистік  бағыт, 
диалектикалық  идеялар,  марксизм-ленинзм  моноидеология-
сын  іргелендіру  және  философиядағы  партиялық  принципінің 
үстемдігін  орнықтыру  сияқты  ұстанымдарды  дамытқан 
философиялық жүйелер мен ілімдердің зерттеулерлері басымдық 
танытқаны да белгілі. Сондықтан неміс классикалық философи-
ясына,  француз  материалистеріне,  Аристотель  философиясы-
на  және  диалектикалық  материализм  дүниетанымына  жақын 
келетін  басқа  да  тарихи-философиялық  білім  өкілдеріне  назар 
аударылуы заңды болатын.
Ал енді идеалистік бағытқа жататын философтарға зерттеу на-
зары азырақ аударылды, соның ішінде ортағасырлық философия 
өкілдерінің  көзқарастары  тым  жұтаң  зерделеулерден  өткізілді. 
Әсіресе, білім және ағартушылық саласындағы әдебиеттерде олар 
туралы ешқандай мәліметтер болмады. Тек ортағасырлық ислам 
мәдениетінің өкілдері – Ибн Сина мен Ибн Рушд Аристотельдің 
ізбасарлары  ретінде  біршама  назарда  болды.  Философиялық-
дүниетанымдық және ғылыми көзқарастар бойынша олар панте-
изм және еркін ойлау идеясын дамытты және ол өз кезегінде жа-
уынгер материализм және атеизм идеясын дамытуға алып келуі 
тиіс еді. 
Кеңес философиясына Ибн Синаның идеялары медицинаға 
сіңірген  еңбегіне  байланысты,  ал  Ибн  Рушдтың  материализм 
идеяларын  дамытқаны  үшін  белгілі  болса,  ал  әл-Фарабидің 
философиялық көзқарастары кеңінен таныс емес еді. ХХ ғасырдың 
70-жылдарына  дейін  олар  қазақстандық  философиялық  және 
тарихи-философиялық  ізденістердің  шеңберіне  енбеген  еді. 
Дегенмен,  осындай  мәдени  және  танымдық  ахуал  әлемдік 
философиялық ойда орнай қойды деп те айтуға болмайды. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
322
Әл-Фараби өзінен кейін Шығыс пен Батыстың ғалымдары зер-
делеп жатқан орасан зор мұра қалдырды. Оның шығармашылығын 
зерттеп келген сондай шығыстанушы ғалымдардың қатарына И. 
Мадкур, Р.Д. Д’Эрланже, Р. Вальцер, Ф. Дитериц, Карра де Во, Н. 
Решер, О. Амин, А.Ф. Эхвани, Е.Э. Бертельс, А.В. Сагадеев, М.М. 
Хайруллаев  және  т.  б.  жатқызуға  болады.  Міне  осылай  он  бір 
ғасырдан аса уақыттан бері Шығыс пен Батыстың ғалымдары ой-
шыл мұрасына әртүрлі түсіндірмелер беріп келеді.
Егер Таяу және Орта Шығыс елдерінде оның шығармашылығы 
ислам әлемінің ұлттық өзіндік санасының қалыптасуының қайнар 
көзі  деп  қарастырылып  келсе,  онда  Батыс  Еуропада  көбінесе 
Батыстың  мәдени  әлеміне  антикалық  мұраны  беруші  тарихи 
дәнекер  ретінде  қарастырылады.  Сөйтіп,  ол  еуропалық  өзіндік 
сананы қалыптастыруға деген тарихи ықпалдылықтан айрылады. 
Дегенмен, тарихи шындық еуропалық әлемнің өзіндік санасның 
қалыптасуына  исламдық  философиялық  және  ғылыми  ойдың 
белгілі  бір  прогрессивті  рөл  атқарғандығын  мойындауды  та-
лап  етеді.  Таяушығыстық  мәдениетте  әл-Фараби  философиясы, 
бір  жағынан,  Платон  мен  Аристотельдің  көзқарастарына  арқа 
сүйегендіктен  өзінің  төлтумалығын  жоғалтқан  ислам  әлемінің 
өзіндік  бөлек  желісі  ретінде  бағамдалады,  екінші  жағынан, 
ислам  және  батысеуропалық  философияның  бастамасын 
жасаған  біртұтас  жерортатеңіздік  мәдениеттің  бастауы  ретінде 
қарастырылады. Сондықтан ол кейде «төлтумалық – еліктеу» по-
люстар аралығындағы кеңінен алғандағы бірегейлік мәселесі ая-
сында қарастырылады.
Әл-Фараби  мұрасына  қазіргі  кезеңге  дейінгі  тоқтамай  келе 
жатқан  қызығушылық  ойшылдың  шығармашылық  мұрасының 
тарихнамасы  туралы  мәселені  кұн  тәртібіне  қояды  және  оның 
энциклопедиялық мұрасын зерттеу бойынша зерттеу базасын жа-
сау, оны тарихи дамыту және кезеңдеу жөніндегі әңгімені қозғауға 
итермелейді.  Әл-Фарабидің  тарихи  отаны  болып  саналатын 
Қазақстандағы  осы  үдерісті  қарастыру  әлемдік  философиялық 
ойдың  дамуы  үдерісі  ауқымына  барынша  ендемей  тиімді 
жүзеге  аспайды.  Шығыс  пен  Батыстағы  әл-Фараби  мұрасын 
зерттеу  мәселесі  мазмұндық  тұрғыдан  алғанда  қазақстандық 
фарабитанудың  жетістіктерін  ескерусіз  толыққанды  болып 
есептелмейді.  Осындай  қарастыру  еркеше  өзіндік  жұмыс  бо-
лып  табылады  және  ол  қазіргі  таңда  ғана  емес  сонымен  қатар 

323 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет