Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ортағасырлық классикалық білім беру мен барлық ортағасырлық 
мәдениеттегідей  жетекші  орында  емес.  Бірақ  Әбу  Насыр  әл-
Фарабидің мұрасына деген ғылыми-тарихи қызығушылық білдіре 
отырып  негізінен  Екінші  ұстаздың  мәртебесінің  жоғары  болуы 
логика саласындағы  зерттеулерімен байланысты екенін  фараби-
танушылар ұмытпауы тиіс және ойшыл мұрасының осы маңызды 
зерттеу қырына үнемі назар аударып отыруымыз керек. 
Бұл  кезеңде  Мәскеудің,  Ташкенттің,  Душанбенің  және  т.  б. 
қалалардың  ғалымдарымен  ғылыми  ынтымақтастық  жалғасын 
тапты және ол орыс тіліндегі «Әл-Фарабидің әлеуметтік, этикалық 
және эстетикалық көзқарастары» атты ұжымдық монографияның 
жарыққа  шығуынан  байқалды.  Осы  еңбекті  дайындауға  белгілі 
кеңестік  шығастанушы  А.В.  Сагадеев  те  қатысты.  Бұл  жұмыста 
алғашқы  рет  ғылыми-теориялық  тұрғыда  түсіндірмелер  беру 
мәселесі шешімін тапты және ол алдында тарихи-философиялық 
үдерістегі  әл-Фараби  философиясының  орнын  және  оның 
дербестігін  анықтау  үшін  қозғалған  еді.  Комментарийлер 
беру  философиялық  сананың  ерекше  формасы  сипатындағы 
философиялық ойлаудың айрықша түрі ретінде қарастырылады 
және  оның  пәні  ретінде  белгілі  бір  философиялық  дәстүр,  мек-
теп  немесе  жүйе  алынады.  Ақиқатты  іздеу  тәсілі  ретінде  ол 
Аристотельдің  философиясын  қайта  жаңғырту  ғана  болып  та-
былмайды,  оны  бұрынғы  ілімдерді  ойлаудың  эмпирикалық 
материалы  сипатында  қолданған  және  оларды  логиканың 
принципімен  біртұтас  етіп  біріктірген,  танымды  ақыл  арқылы 
игеруді дамытудың заңды нәтижесі деп қабылдаған абзал.
Бұл  монографияда  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  қоғам  тура-
лы  ілімі  өзектендірілген,  оның  «азаматтық  ғылым»  және  мем-
лекет  пәнін  түсінуі  қарастырылған,  ғалам  құрылымындағы 
адами  қоғамның  орны  көрсетілген,  сонымен  қатар  әл-Фараби 
ілімінде адамгершілік-психологиялық сипаттамасы айқындалған 
қоғамдық  қауымдастықтардың  рөлі  мен  маңызы  айшықталған. 
Әл-Фарабидің  әлеуметтік-философиялық  идеяларын  қайта 
жаңғырту мен қайта түзеудің объективті қиындықтарын айта оты-
рып әлеуметтік таным танымның субъектісі мен объектісіне екіге 
бөлінуі арқылы ерекше сипатта көрініс беретінін атап өткен моно-
графия авторлары дегенмен әл-Фарабидің мемлекет пен қоғам ту-
ралы концепциясының көптеген қырларын бірлікте ашып берді 
және көрсете білді.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
342
Ортағасырлық философтың этикалық және эстетикалық кон-
цепцияларын  ашып  беру  арқылы  монографияда  ортағасырлық 
Шығыс  халықтарының  этикалық  және  эстетикалық  ойының 
дамуы  көрсетілді.  Сонымен  қатар  этиканың  пәні,  категорияла-
ры  және  міндеттері  баяндалады,  тек  этиканың  ғана  емес,  бақыт 
мәселесінің әр қилы қырын бағамдаған Әбу Насыр әл-Фарабидің 
саяси-әлеуметтік  концепциясының  басты  проблемалары  да 
қарастырылады;  әл-Фарабидің  түсінігіндегі  әлемді  эстетикалық 
игерудің мәні ашылып беріледі және оның музыкалық эстетика-
сы ұсынылды.
Осы  тұрғыдан  алғанда  әл-Фарабидің  эстетикалық  көзқа-
растарын  зерделеген  А.Х.  Қасымжановтың  «Әл-Фараби-
дің  эстетикалық  көзқарастары»  (1990  ж.)  жұмысын,  Ғ.Қ. 
Құрманғалиевамен бірігіп жазған мақалаларын атап өткен жөн. 
Жоғарыдағы  жұмыста  әл-Фарабидің  жалпы  философиялық 
дүниетанымымен астасып жататын эстетикасының ерекшеліктері, 
мәні мен мағынасы біртұтас құбылыс ретінде ашылып көрсетіледі. 
Адам  мәселесін,  оныңі  болмысын  және  кемелденуін  ойшылдың 
зерделеуін  оның  әлемге  эстетикалық  қатынасын  пайымдамай 
түсіну мүмкін емес. Жалпы исламдық рухани түсініктерде орын 
алған әсемдікті игерудегі құдайлық деңгейді үмені ескеріп отыру 
орын алғаны көрсетілді.
Әсемдік  идеясын  басшылыққа  алатын  әлемге  эстетикалық 
қатынас – философтың әлемге қатынасының кеңінен паш етілген 
түрі  және  автордың  пайымдауынша  онда  адамның  өмір  фило-
софиясы  поэтика  арқылы  ашылады.  Ол  күнделікті  қарапайым 
өмірдің және кемелдік әлеміне жоғары ұмтылыстардың негізінде 
қалыптасады,  ал  сезімдер  мен  эмоциялар  адам  жанының  және 
оның жетілуінің құрамдас бөліктері болып табылады. Сондықтан 
образдық сипаттағы көрулер, поэтика осындай көрулердің өнері 
ретінде әл-Фараби эстетикасының пәніне айналады. 
А.Х.  Қасымжанов  ойшылдың  «Музыка  туралы  үлкен 
кітабы»  негізінде  ортағасырлық  ислам  Шығысы  мен  әл-Фараби 
эстетикасндағы  поэтикалық  өнердің  рөлі  мен  мағынасын,  оның 
тілмен,  логикамен,  музыкамен  және  музыка  өнерімен  байланы-
сын көрсетіп берді.
«Философия  Абу  Насра  аль-Фараби»  атты  орыс  тіліндегі 
ұжымдық монография ойшылдың шығармашылық мұрасындағы 

343 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
іргелі  мәселелерді  жалпылаған  зерттеу  ретінде  көрініс  берді 
және  әл-Фараби  мұрасына  арналған  еңбектердің  топтамасын 
жалғастыру мақсатын алдына қойып, жаңа зерттеу қырлары мен 
теориялық деңгейді байқатты. Бұл еңбектің ерекшелігі әл-Фараби 
философиясының рухани негіздерінің проблемалық шешімдерін 
қою  мен  табу  тұстарын  әлеуметтік-мәдени  зерделеулер 
тұрғысынан айқындап беруінде. Авторлар дәуірдің көпмәдениетті 
атмосферасын  аша  отырып  бұл  аймақтың  мәдениеті  өзіндік 
ерекшелігі  бар  әр  қилы  мәдениеттердің  синкретизмі  екенін 
дәлелдейді. Ислам әртүрлі көрініс беретін мәдени ортаға біртұтас 
діни мағынаны әкелді және ол иудаизм, христиан, пұтқа табыну-
дан келген білімдерге жаңаша сипат берді. 
Бұл  еңбекте  «Мұсылман  ренессансы»,  диалектика  өнерінің, 
таным  қызметінің  ойшыл  философиясындағы  таным  өнерінің 
негізі  деп  аталатын  проблеманы  қозғайтын  әл-Фараби 
философиясының  әлеуметтік-мәдени  негіздеріне  қатысты 
сұрақтар зерттелді. Жұмыста өзінің түпкі негізіне қарай ұмтылған 
тарихи-философиялық  үдеріс  ретінде  пайымдалған  ақиқатты 
игеруге  қабілеті  бар  танымдық  өнердік  түрлері,  сонымен  қатар 
қазіргі философиясының жаңа идеялары аясында әл-Фараби фи-
лософиясында әзірленген диалектика, софистика, риторика және 
аподейктика аралық өзара қатынастар қарастырылады.
Жұмыста  әл-Фараби  түсінігіндегі  метафизика  ұғымы 
зерделеніп,  метафизика  мен  философия  ұғымдарының  онда 
көп  жағдайда  сәйкес  келіп  жататындығы  тұжырымдалды.  Егер 
метафизика  негізінен  ақыл  арқылы  мәнге  жететін  рационалды 
білім деп алынса, онда философия болса соған ұқсас білім бола 
тұрып арнайы ғылымдар аясындағы кең мағынаны қамтиды. Ме-
тафизика негізінен Құдай туралы рационалистік ілім сипатында 
анықталады болғандықтан философияға «барлығы туралы білім» 
рөлі тиеді, сонымен қатар бірте-бірте игерілетін барлық кешенді 
білімді  қамтитын  білім  беру  мен  ағарту  туралы  ғылым  ретінде 
мойындалады. 
Монгографияда  «теориялық  ғылымдар»  кешенінің  мәселе-
лерімен қатар «практикалық ғылымдар» кешені  де паш етіледі. 
Авторлар  олардың  ең  маңыызыды  қырларын  бағамдап  береді 
және олардың қатарында бағыт және сұлулық, игілік, қоғамдық 
мұрат, гуманизм және ағарту мәселелері енді. 
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы және тәуелсіздік алғанға 
дейінгі Қазақстандағы фарабитанудың дамуды баяндауды аяқтай 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
344
отырып  осы  кезеңде  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізілгенін  атап 
өту керек. Отандасымыздың тарихи философиялық келбетін жа-
саушы алғашқы кәсіби зерттеушілердің алғашқы қадамдарынан 
басталып  оның  философиялық  дүниетанымын  зерделеудің 
ғылыми  деңгейіне  дейінгі  жолға  қарай  жалғасты.  Сонымен 
қатар,  қазақстандық  ғалымдардың  арқасында  әл-Фараби  есімі 
Қазақстанның  мәдени  рәмізіне  айналды  және  қазіргі  тарихи 
кезеңнің өзінде сондай болып қалып отыр деуге болады.
Қарастырылған  кезеңнің  қазақстандық  философиясы  өзінің 
тарих отанында белгісіз болып келген әл-Фараби трактаттарының 
аудармалары  бойынша  жұмыстарды  бастады  және  ұлы 
ойшылдың трактаттар топтамасын қазақ және орыс тілдеріне ау-
дарып та үлгерген еді; оның шығармашылық мұрасын көптеген 
қырларын  айқындайтын  монографияларды  жарыққа  шығарды; 
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған мерейтойлық 
халықаралық  ғылыми  конференция  қйымдастырып,  кездесу-
лер өткізді, сонымен қатар қазақстандық қоғамда үлкен насихат 
жұмысы да жүргізілді.
Бізге  өткенімізге  қарай  отырып  қазіргі  Қазақстан  үшін  бұл 
символдың  жоғары  маңыздылығы  болағынын  айта  аламыз.  А. 
Машани  армандаған  дүниені  жүзеге  асыруға  қатысқан  барлық 
ғалымдарға  біз  үлкен  алғысымызды  білдіреміз  және  олардың 
игілікті  ісі  әл-Фараби  есімін  біздің  еліміздің  мәдениеті,  филосо-
фиясы  мен  ғылымының  тарихында  жаздырды.  Танымның  жаға 
шыңдарын  бағындыруға  ұмтылған  қазақстандықтардың  қазіргі 
ұрпағы ойшылды даналықтың мысалы етіп тәрбиеленуде. 
 
    
Әдебиеттер
1  Возвращение Учителя. О жизни и творчестве Фараби. Алма-Ата: 
Жазушы, 1975. С.105-106.
2  Аль-Фараби и развитие науки и культуры стран Востока (тезисы 
докладов). – Алма-Ата: Наука, 1975. – 112 с. 
3  Сатыбекова С.К. Гуманизм аль-Фараби. – Алма-Ата: Наука, 1975. 
– 144 с. 
4  Таукелев А.Н., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды 
аль-Фараби. – Алма-Ата: Наука, 1975. – 104 с. 

345 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
3.5  Қазақстандағы  этика  және  эстетика:  жалпы                                        
сипаттамасы
 
3.5.1 Қазақ этикасы
Қазақ  этикасы  –  қазақ  халқының  ұлттық  әдеп  жүйесін,  мо-
ральды,  адамгершілікті  зерттейтін  философиялық  пән.  «Эти-
ка»  термині  ежелгі  грек  тілінде  «бірлесе  өмір  сүруші  адамдар 
тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім 
мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне 
орта  ғасырлардағы  араб-мұсылман  мәдениетінің  ықпалымен 
енген.  Көптеген  мамандар  этиканы  әдептану  деп  аударып  жүр. 
Қазақ  этикасы  туралы  басылымдарда  «әдеп»,  «ақылақ»,  «мо-
раль»  «адамгершілік»  сияқты  ұғымдар  қолданыла  береді  және 
оларға  әртүрлі  анықтамалар  беріледі.  Кейде  бұл  терминдер 
бірге  өмір  сүру  барысында  қалыптасқан  мінез-құлық,  іс-әрекет 
ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.
Егер  біз  этиканы  рационалды  пайымдалған  мораль-
мен  байланыстырсақ,  онда  төмендегі  қағидаларды  айқындау 
мүмкіндігі  бар  және  олар  әдептің  реттеушілік  табиғатына 
қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы бол-
ды  және  бола  береді,  оның  басты  мақсаты  –  адам  өміріндегі 
қайырымдылық  пен  зұлымдықтың  қайнар  көзі  мен  табиғатын, 
себептері  мен  тетіктерін  анықтау.  Этика  мәдениет  жүйесіне 
оның  рационалдық-логикалық  бастамасы  ретінде  адамның 
өмірдегі  әдептік-адамгершілік  көріністерін  рационалды  ойлау 
тіліне  аударуы  арқылы  енеді.  Этика  –  ғылымның  маңызды  са-
ласы,  әдеп  –  қоғамдық  алғышарттардың  саласы,  адамгершілік 
–  адамның  ар-ұяты  арқылы  жеткен  ішкі  тұрақтандыру  саласы. 
Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті 
қажеттіліктерін  бағдарлайтын  ғылым  ретінде  туындайды.  Әдеп, 
адамгершілік дегеніміздің өзі не?
Әдеп  –  этиканың  зерттеу  нысаны,  қоғамдық  сана-сезімнің 
формасы  және  жеке  тұлғаның  өзіндік  бағасын  анықтауға 
бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік 
– жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық 
талаптардың  ішкі  себептермен  үйлесуінің  қайырымдылыққа 
ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы.
Басты  ұғымдарымызды  зерделеп  өткен  соң,  қазақ  әдеп 
жүйесінің ерекшеліктеріне назар аударайық. Біріншіден, назарға 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
346
ілінетіні  қазақ  діліндегі  әдептік  бастаулардың  басымдылығы. 
«Адам әдебімен көрікті» дейді қазақ. Зерттеушілер де этиканың 
қазақ  болмасындағы  шешуші  рөліне  назар  аударады.  Мысалы, 
«Мәдениеттану» (Алматы: Раритет, 2007) оқулығының авторлары, 
егер  Батыста  рационалды  ғылым,  Шығыста  –  жантану  өрістесе, 
онда  қазақ  сахарасында  «адам  болу»  ұстанымы  алдағы  қатарға 
шықты дейді.
Екіншіден, қазақы бірегейленуде синкретизм анық байқалады. 
Бұл әдеп пен құқыққа да қатысты. Екеуі де күнделікті әдеттің реттеу 
тетіктері деп түсіндіріледі. Мәселен, имандылық пен имансыздық, 
ар  мен  ұят,  обал  мен  сауап,  жақсылық  пен  жамандық,  кие  мен 
кесір, құт пен бақыт т. б. олардың төл тіліміздегі іргелі атаулары. 
Имандылық  қасиет,  әділетті  істер  адамдардың  күнделікті  өмір 
тіршілігінде тұрақтап, олар қалыпты іс-әрекетке айналғанда, әдет 
деп аталады. Әдет – адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып 
кеткен тұрақты қасиеті. «Халықта ауру қалса да, әдет қалмайды» 
деген мәтел осы жәйттің мәнін айқындай түседі. Жағымды әдет 
адамның бар күш-жігерін пайдалы істерді тындыруға көмектеседі. 
Ал  жағымсыз  әдет,  керісінше,  адамның  іс-әрекетіне,  мінез-
құлқына  нұқсан  келтіреді.  Әдет  адамның  іс-әрекет  түрлеріне 
орай,  жан  қуаттарының  ерекшеліктеріне  қарай  бірнеше  салаға 
бөлінеді. Мысалы, тазалық сақтау, ұқыптылық, орнымен сөйлеу, 
адамгершілік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер адам бойындағы 
жағымды әдеттерді қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Рулық  қоғамдығы  әдептің  қарапайым  түрін  кейін  жүйелі 
моральдық  қағидалар  алмастырды.  Алайда  бұдан  көне  әдеп 
жүйесі  жоғалып  кетті  деген  ой  тумайды.  Себебі,  көне  мәдениет 
қазіргі  ұлттық  мәдениеттердің  архетипі  (ескі  негізі)  қызметін 
атқарады.  Халқымыздың  ұлттық  әдеп-ғұрып  жүйесі  сонау 
көшпелілер  мәдениетінен  үзілмей  сақталып  келгендігі  осының 
айғағы.
Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат 
пен адамның етене тығыз байланысты болғандығы мен олардың 
еншісі  бөлінбеген  күйде  өмір  сүргендігін  куәлайды.  Мұның  ба-
сты негізіне көшпелілік өмір салты жатады. Көшпелілер өздерін 
табиғаттың  тікелей  жалғасы,  соның  төл  баласы  ретінде  сезінді. 
Өздеріне  дейін  қолданысқа  енбеген,  қуаң  дала  мен  шөлейтті 
тек  көшпелі  ғана  меңгере  алды.  Осындай  қатал  табиғи  ортада 
өмір  сүрген  көшпелі  айналасындағы  мәдени  арнаға  ерекше  бір 

347 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
икемділікпен қараған және бұл атадан балаға үлгі ретінде беріліп 
отырған.
Аталған деректер мен куәліктерді біз қазақтың дәстүрлі әдеп 
жүйесін оның көрнекті өкілдерінің өмірлік ұстанымдарын талдау 
мақсатында келтірдік. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тек әдеп 
пен құқық емес, сонымен бірге саяси-әлеуметтік құндылықтар да 
мораль  құдіреттілігімен  баяндалған.  Мысалы,  «қарға  тамырлы» 
қазақта отансүйгіштік пен ұлтшылдық басты кісілік қасиеттер бо-
лып  марапатталған.  Қазақ  халқының  ұлтжандылық  дәстүрлері, 
отансүйгіштік  қасиеті  сонау  көшпелілік  заманнан  бастау  алған. 
Көшпелі  қазақтар  қоршаған  ортаны,  табиғатты  өздеріне  қарсы 
қоймаған. Табиғатты қастерлеу адамдық парыздан пайда болады.
«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең бол-
маса денелеп білмесе, адамдықтың орны толмайды», – дейді Абай 
жетінші сөзінде. Көшпелілер түсінігінде жер жай ғана қоршаған 
орта емес, ол — тірі, жанды бейне, «Жер-Ана». Көшпелі өзін сол 
Жер-Ананың перзентімін деп есептейді. «Туған жер топырағынан 
жаралдым» дейтін адам табиғатқа қарсы қиянатқа бара алмаған. 
Сондықтан  да  туған  жерді  қорғау  анаңды  қорғау,  арыңды,  өз 
өміріңді  қорғау  деп  халық  санасында  есептеледі.  «Ер  –  туған 
жеріне,  ит  –  тойған  жеріне»,  «Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз 
еліңде ұлтан бол» дейтін халық мақалдары жоғарыда айтқанды 
дәлелдеп отыр.
Қазақтың  дәстүрлі  әдет-ғұрыптық  және  әдептік  жүйесі 
қазак хандығы Ресейдің құрамына енген кезден бастап түбегейлі 
өзгерістерге ұшырады. Еуразия даласын жаулап алған империялық 
мәдениет  осы  даланың  байырғы  тұрғындарын  ноқталап  қоюға 
тырысты.  Кеңес  Одағы  да  өз  қарауындағы  халықтарды  больше-
визмге  берілгендік  идеясында  тәрбиелеу  мақсатымен  әр  түрлі 
миссионерлік тәсілдерді
 
шебер қолдана білді. Осындай ілімдердің 
бірі  –  КСРО-ның  басқа  халықтар  алдындағы  тарихи-мәдени 
миссиясы  деген  бүркеніш  уағыз.  Ағылшындардың  бай  мәдени 
мұрасы бар үнділерді шырмағаны сияқты Ресей империясы мен 
КСРО Орталық Азия мен Қазақстанды ассимиляциялау полиго-
ны бейнесінде қарастырды. 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақтың  дәстүрлі  әдеп  мәдениетін 
өзгерту қажеттігін мойындаған мынадай бағыттар қалыптасқан:
1. Түркиядағы «Танзимат» және Ресейдегі милләтшілдік пен 
жәдидшілдік  идеялары  ықпалымен  дамыған  діни-реформистік 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
348
ағым  (М.-Ж.  Көпеев,  Ғ.  Қараш,  Г.  Мұсағали,  А.  Әділбайұлы,  Ә. 
Кердері  т.т.)  Жәдидшілдік  атауын  қазақ  тіліне  «жаңару,  елдікті 
сақтау  үшін  жаңа  бағытты  ұстау»  деп  аударуға  болады.  Осы 
бағыттың бір өкілі, ақын Ғұмар Қараш былай деген :
Надан шейх діннің соры, күннің соры, 
Бір қашпа, надан шейхтан мың кері қаш.
Құран – шам, ақыл – басшы, ғылым – құрал,
Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас! 
Айырылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста,
Жол бастар қараңғыда ол бір компас» [1]
Бұл  бағыт  қазақ  топырағында  жаңа  мағынадағы 
«мұсылманшыл қазақ әдебін» қалыптастыруға ұмтылды.
2. «Түрікшілдік бағыт» (М. Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, 
М. Ходжаев т.т.) 
Бұл  бағыттың  өкілдері  түркілік  өркениет  тұтастығы 
контекстінде қазақ адебін қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің 
басты ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы 
негізінде жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, 
қазақ  халқы  түріктің  қара  шаңырағының  иегері  деп  мойындау, 
т.т. жатады. Осы бағыттың басты ерекшеліктері М. Жұмабаевтың 
«Пайғамбар» өлеңінде көрнекті суреттелген. 
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам, 
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келемін –
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
Соқыр сорлы, көрмейме әлде көзің көр?
Күншығыстан таң келеді, енді көр.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!» [2]
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  қоғамында  қалыптасқан  келесі 
бағытқа реформашыл либерал-демократтық сипаттағы тұлғалар 

349 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
жаnады және олар Алаш ұлттық қозғалысын дүниеге әкелді (А. 
Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.т.). 
Ә.  Қодар  Алаш  қозғалысының  руханият  саласында  үш  тен-
денциясы  болды  дейді:  а)  ағартушылық  (А.  Бөкейханов,  А. 
Байтұсынов,  М.  Дулатов);  ә)  көшпелі  әлеммен  ностальгиялық 
қоштасу  (Ж.  Аймауытов,  М.  Әуезов);  б)  жаңа  ұлттық  мифтік 
шығармашылық (М. Жұмабаев) [3].
Әдеп  пен  мәдениетке  Алаш  қозғалысының  өкілдері  ұлттық 
мүдде тұрғысынан қарады. Алдымен олар большевизм ұсынған 
таптық принципті бекерге шығарды және «қазақта тап жоқ» деді.
Мысалы 1919 жылы Мәскеуде жарияланған А. Байтұрсыновтың 
«Революция және қазақтар» атты мақаласында қазақ қауымының 
мүддесін білдіретін жазушы қалай болу керек деген сұраққа жау-
апты былай топтастыруға болады:
«Алаш  жазушысы  бауырмал,  қазақшыл,  ұлтшыл.  Өйткені 
жұрттың теңсіздігі осы қасиетті талап етеді». 
«Қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы жұмысқа 
күшін, ісін сарп ету керек. Басқалармен мәдениеті теңеліп, жары-
са-жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні қазақтың қасындағылары 
қыңсылауды қояды».
«Мәдениет  алға  басу  тіршілік  ісі  шеберленуімен,  сана- 
саңылауы күшеюімен болады. Тіршілік ісінен шыққан шеберлікті 
–  өнер  дейміз,  сана-саңылау  күшінен  шыққан  білімді  –  ғылым 
дейміз. Бұл екеуі де үйренумен табылатын нәрсе». 
«Оқу ісі сабақтас әдебиетпен: оқу әдебиетті күшйтеді, әдебиет 
оқуды күшейтеді». 
«Қалам  қайратккерлерінің  жұмысы  –  әдебиет,  әдебиетсіз 
оқуда қуаттану жоқ, оқусыз мәдениетте қуаттану жоқ, мәдениет 
қуаттанбай қазаққа қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ». 
«Азаттық  асылы  –  мәдениетте,  мәдениет  күшеюінің  тетігі  – 
оқу мен әдебиетте». 
7.  «Жазушыларымыз  бытыраңды  болмай,  ұйымдасып, 
бірлесіп іс істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар» [4].
Алаш қозғалысы ұсынған қазақ әлеуметтік мәдениетін рефор-
малау жобалары тоталитарлық мәдениетте жүзеге аспй қалғаны 
белгілі. 
Кеңес  Одағы  кезіндегі  әдеп  ахуалын  тікелей  қарастырудан 
бұрын  тоталитарлық  қоғамның  моральдық  негіздеріне 
қысқаша  тоқталып  өтейік.  Бірішіден,  адамзат  тарихындағы 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
350
барлық  қоғамдарды  қауымдасу  негіздері  бойынша  екі  түрге 
(ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін 
тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлғаорталықтық қоғам 
десек,  екіншісі  –  жүйеорталықтық  әлеуметтік  құрылымға  жа-
тады.  екішісіне  жасандылық  тән,  сондықтан  оны  «құрылыс» 
(үлгі  бойынша  жасалған)  деп  атайды.  Осы  жүйеорталықтық 
әлеуметтік  қауымдасудың  қисынды  шегіне  жеткен  түрін  тота-
литаризм  деп  атайды.  Фашистік  тоталитарлық  мемлекеттің 
негізін  қалаушылардың  бірі  Б.  Муссолини оған  мынадай  сипат-
тама  береді:  «Бәрі  мемлекет  үшін,  мемлекеттен  өзге  және  оған 
қарсы ештеңе болмауы керек», тоталитаризмнің жүзеге асырған 
сталиндік партия-мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан 
жатсынған және қоғамды басып тастаған.
Көпшілік  әдебиетте  кеңестік  тоталитаризм  мен  К.  Маркс 
ұсынған «Қоғамды ұжымшылдық рухта қайта құру» феномендері 
жиі шатастырылады. Бұл К. Маркс еңбектерімен сырттай таныс 
болудан  шығады.  К.  Маркс  өзінің  «1844  жылғы  экономикалық 
және  философиялық  қолжазбаларында»  қоғамдық  дамудың 
мақсаты  «еркін  индивидуалдық»  деген  және  коллективті  жан-
жақты  дамыған  индивидтердің  ассоциацияланған  бірлестігі 
деп  түсіндірген.  Неміс  ойшылы  «тұрпайы  коммунизмді»  қатал 
сынға  алған.  Әрине,  марксизм  классиктерінде  дара  адамдардың 
қауымдасуының орнына тап күресін, пролетариат диктатурасын 
ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан теріс пікірлер де кездеседі. 
Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар Аристотельге қалай 
қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз идеялар жа-
сырылып, конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға қойылды. 
Сол  себепті  ресейлік  марксизм  шегіне  жеткен  антигуманизмге 
(Альтюссер) айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас пайымдасақ, 
Ресейде  мутацияға  ұшыраған  марксизм  жеңіп  шықты.  Проле-
тариат  диктатурасының  атын  жамылған  партия  көсемдері  мен 
бюрократиясының  диктатурасы  өмірге  келді.  Кейін  бұл  жүйе 
әлем халқының үштен бірін қамтыды және сондықтан ол бекер-
ден бекер «лагерь» деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік 
пен ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық.
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы 
– солдаттар, қуылған және аластатылған дарашылдар. «Коллектив 
мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады» және ауысты-
рылмайтын адам болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. Расколь-

351 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет