Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет249/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ СУРЕТТЕМЕСІ (картинасы) – ғылыми танымның негізгі ұғымдары, принциптері мен заңдарын синтездеу арқылы құрылатын дүниенің жалпылама қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктердің тұтас жүйесі. Д. ғ. с. замана ағымына сай әрқашан өзгеріп, дамып отырады, яғни оған тарихилық тән. оның мазмұнын әр кезеңдегі ғы- лыми білімдердің қосындысына ғана сайып қоюға болмайды, ол сол заман мәдениетінің айшықты сипаттарын өз бойына дарытып, дүниетанымының көкжиегін білдіретін философиялық-әдістемелік негізде құрылады. Д. ғ. с-нің: жалпы ғылыми пәні бойынша өзара байланысты ғылым салаларына сай құрылатын (жаратылыстанулық, қоғамдық-гуманитарлық және ғылыми-техникалық) және жекелеген ғылымдар базасында пайда болатын үш деңгейі бар. Бұлардың арасында терең байланыс бар, өйткені дүниенің жалпы ғылыми суреттемесі жекелеген ғылымдар жетістігіне сүйеніп құрылады және керісінше, жалпы ғылыми суреттеме өз ретінде жекелеген ғылымдардың дамуына оң әсерін тигізіп, бағыт-бағдар беріп отырады, сөйтіп олар өзара корреляциялық байланыста дамиды. Жекелеген ғылым беретін суреттеме сол ғылымның зерттеу пәнін бейнелеп, дүниенің жалпы ғылыми суреттемесінің әлдебір бір көрінісі, қырларын ретінде күй кешеді. Бұлардың арасындағы орталық буынды жараталыстанулық, әлеуметтік- гуманитарлық және ғылыми-техникалық суреттемелер құрайды. Д. ғ. с. ғылым дамуының басты негіздемелерінің біріне жатады.


ДІН (араб. – сенім, наным, илану, әл-Исламның балама аты; Д. басқа дінге де қаратылып айтыла беріледі, лат. relіgіo – сенім, құдайшыл, табыну)
– дүниетаным, не дүниені қабылдау, сондай-ақ Алланың (немесе бір


225

және бірнеше Құдайдың, Жаратушының) барлығына сену негізіне сәйкес өзін-өзі ұстау, соған қатысты адамның «табиғи» ұғымынан, танымынан биіктігі «қасиетті» бастау, барлығының бастауы, Жаратушыға тән құбылыс ретінде қабылданады. Д-нің басты белгісі – адам ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, Д. дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш. Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Д-нің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және тура жолдан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Д-и тұрғыдан Д. – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние болмысының жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.


Д-нің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40–50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, Д-и наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді. Д-нің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болу деңгейімен де (Д-нің гносеологиялық негізі) байланысты. Яғни жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп, өзінше дербес өмір сүре бастайды, сондықтан нақтылы бар нәрселердің адам санасында бейнеленуінің негізінде абстрак- тілі түсінік пайда болады. Бұл мүмкіндіктер адамның тек қана нақтылы іс- әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық қатынастарымен (Д-нің әлеу- меттік негізі) байланыста ғана іске асады. Адамзат тарихының өн бойында Д. адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болды. Бірінші жағдайға қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политеизм (көптәңірлі), монотеизм (бір тәңірлі), деизм


226


(әлемді жаратқан соң, одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім) т. б. түрлері пайда болды. Соның ішіндегі тарихи тұрғыдан Д-нің неғұрлым ертедегі, ең алғашқы көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән емес. Ол қазіргі Д-дерден, мәселен, ислам, христиан, иуда Д-деріне тән, ал будда, даосизм Д-деріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен Д-нің тайпалық-халықтық (мыс., иудаизм) және ұлтара- лық немесе әлемдік (буддизм, христиан, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік Д-дердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам Д-інің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, провославие және протестанттық конфессиялары т. б. Д-нің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы имандылық. Имандылық барлық дерлік Д-дерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадат- ты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Д-нің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңды- лықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық Д-дердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу және т. б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш Д-ді (будда, христиан, ислам) ұстанады. Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. М., 1989; Көбеева О. Ислам: Исторические очерки. Дінтану негіздері. – А., 1998; Батай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет