ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ
1
Алматы, 2021
Философиялық энциклопедиялық сөздік
ӘОЖ 1/14 (03) КБЖ 87я2
Ф 53
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
Құрастырушылар:
Т.Х. Ғабитов, философия ғылымдарының докторы, профессор С. Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Рецензенттер:
Қ.А. Затов, философия ғылымдарының докторы
Ғ. Т. Телебаев, философия ғылымдарының докторы, профессор
Ғ.Қ.Құрманғалиева, философия ғылымдарының докторы
Мақалалар авторлары:
Л.Ә. Асқар, Қ.Ұ. Әлжан, Ә.Ш. Әлімжанова, Н.Ж. Байтенова, Т.Х. Ғабитов, Қ. Жамалов, Д.М. Жанабаева, Қ.А. Затов, З.М. Қодар, К.М. Қоңырбаева, Ә. Құранбек, А.Д. Мейірманов, Қ. Мұханбетәлиев, С. Мырзалы, С. Е. Нұрмұратов, Г.Ж. Нұрышева, А. О. Омирбекова, Е. Осербаев, Ж.Б. Ошақбаева, Д.С. Раев, А. Рыскиева, А. Сағиқызы, Б.М. Сатершинов, М. Сәбит
Ф 53 Құрастырушылар:
Т.Х. Ғабитов, философия ғылымдарының докторы, профессор С. Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Философиялық энциклопедия. – Алматы: Лантар Трейд, 2021. – 527 б.
ISBN – 978-601-304-004-2
«Философиялық энциклопедияда» маңызды философиялық ұғым-терминдер мен көрнекті философтар туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі түрде қазақ тілінде берілген. Философиялық энциклопедия философия пәні бойынша мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, оқытушылар мен ғалымдарға, философия және рухани мәдениетпен айналысушы мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 1/14 (03) КБЖ 87я2
ISBN – 978-601-304-004-2 © Лантар Трейд, 2021
3
Философиялық энциклопедия
ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА
Энциклопедияда мақалалар әліпби тәртібімен орналасқан. Ұғым- терминдер атауын қою бояулы бас әріптермен берілді. Бір мағынадағы ұғымдардың қатар қолданылып жүрген бірнеше атаулары болса, алдымен ғылымда қолданылып жүрген негізгі атауы берілді де, екінші атауы жанына курсив әріптермен жазылды. Мыс., ТАБУ, тыйым салу. Энциклопедияда қамтылған ұғым-терминнің аты, нақты бір мақаланың ішінде аталса, ол курсивпен терілді. Энциклопедияда жиі қайталаналатын сөздерге қысқарту жүйесі қолданылды. Энциклопедияда мақала атауы сол мақаланың ішінде қайталанған сайын тек басқы әріптермен берілді. Мыс., Мәдениет – М., Мәдениеттен – М-тен, Шешендік өнер – Ш.ө.
Достарыңызбен бөлісу: |