Әдебиет: Бартольд В.В. История Культурной жизни Туркестана. // Соч., т. 2, ч. 1. – М.; Просветительская деятельность джадилов Туркестана. – Таш., 1995; Исхаков Д., Амирхан Р. Джадидизм и национальная идеология. – «Идель», 1996.
– № 1–2; Омаров Ә. Қазақстандағы ағарту ісі және патша өкіметінің орталық саясаты. – А., 1997. М. Тәжімұратов, Т. Жексембаев. (ҚҰЭ – 3 том, 614 бет).
ЖЕКЕ АДАМҒА ТАБЫНУШЫЛЫҚ – саяси немесе діни билік иерархиясында жоғарғы лауазымды адамның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау, асыра дәріптеу болады. Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде қолданылатын идеология бойынша
«көсемдерге» пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылып, жеке адамға табыну жүзеге асырылады. Ж. а. т-тың негізі, тірегі – мемлекет басшысын ұлттың көсемі ретінде қабылдайтын сана мен «әділ патшаға» үміт артуға негізделген құлдық саяси мәдениет болады. Қоғамдағы бар билік тармақтарының бүтіндей бір адамның қолына шоғырлануы, адам тағдырының жеке бас жетістіктері мен мүмкіндіктеріне емес, өз іс-әреке- тінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне тәуелділігі жоғарғы мансап иесіне табынудың басты себебі. Саяси тұлғаға тәуелділік сезімін халық санасына жан-жақты сіңіруден, «құдіреті күшті» басшыға деген құлдық сезім, жарамсақтық, жағымпаздық психологияны ұстанғандар қалыптасады. Азаматтық құқық аяққа басылып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалатын Ж. а. т. авторитарлық және тоталитарлық жүйені ұстанған мемлекеттерге тән. Дегенмен ол аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі, оған мысал ретінде Ш. де Голь басқарған кездегі Францияны айтуға болады. Ж. а. т.-тың әр түрлі ауыр зардаптар әкелетініне қарамай, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Солтүстік Корея, Куба және т. б.), қазіргі посткеңестік елдерде өріс алып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |