Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет370/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Нысанбаев Ә. Математика және дүниетану. – А., 1973; Клини С. Введение в метаматематику. – М., 1957; Нысанбаев А., Шляхин Г. Развитие познания и математика. А.-А., 1971; Абдильдин Ж., Нысанбаев А. Диалектико- логические принципы построения теории. А.-А., 1973.


ҚАНАҒАТ – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ер- меу. Қ. ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Қ-шыл кісі – барынша кішіпейіл, қарапайым, иі жұмсақ. Сондықтан да ол көпшіліктің көзіне түсе бермейді. Қ-шылық
– қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету. Әрине, кейбіреулер мұны адамшылыққа жарасатын көркем сипат, өмірде ортаймайтын қазына деп түсіне бермейді. Қаншама мол байлығы болса да, оны қанағат қылмайтындар да кездеседі. Мұндайларды жұрт көзі тоймай- тын, қанағаты жоқ адам дейді. Ондайлар «болған сайын болсам деп, толған сайын толсам деп» ашкөздікке салынып, Кейде қанағат-нысабын ұмытады, көбіне жалған сөйлеп, екі жүзділікке барады. Адам қолындағы барының игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ болар еді. Қ.-сыз адам ашкөз келеді. Қ-сыздық – тойымсыздық, өзі тойса да, көзі тоймаушылық. Бұл – ерсі қылық, адам болмысындағы тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің белгісі.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет