Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет42/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Лосев А.Ф. История античной эстетики, Ранняя классика. М., Ладомир, 1994. – С. 312–317; Лебедев А.В. TO APEIRON: не Анаксимандр, а Платон и Аристотель // Вестник древней истории. 1978. № 1–2.


АНАКСИМЕН МИЛЕТТІК (Άναξιμένης, б.д.д. 585/560 – 525/502).
– ежелгі грек философы, милеттік натурфилософия мектебінің өкілі, Анаксимандрдың шәкірті. А. милеттік мектептің соңғы өкілі, ол құбылыстар мен заттардың табиғи себебін іздеу – стихиялық материализм қарқынын күшейтіп, аяқтады. Оның «Табиғат туралы» трактаты сақталмаған, оның пәні – космогония, космография және метеорологиялық феномендердің этиологиясы. Фалес пен Анаксимандр сияқты әлемнің алғашқы бастауы ретінде белгілі бір материяны алған. Ол материя – шектеусіз, шексіз, формасыз ауа, басқа заттың барлығы ауадан пайда болады. А. ауасы мөлдір және көзге көрінбейтін субстанция. Сонымен қатар, ауа – белгілі бір сапалық қасиеттерге ие бастау, жалпы стихиялықтың жалпыланған-абстрактілі, универсалды мазмұнға ие бейнесі болып табылады. А. бойынша, әлем
«шектеусіз» ауадан пайда болады, заттардың әр түрлілігі ауаның әр түрлі күйіне байланысты. Ауаның сұйылуына (қыздырылуына) байланысты ауадан от, ал қоюлануына (салқындатуына) байланысты жел, бұлттар, су, топырақ, тастар пайда болады. Сұйылған ауа отты табиғаты бар аспан шырақтарын тудырады. А. тұжырымының маңызды аспектісі: сұйылу мен қоюлану негізгі, өзара қарама-қарсы, бірақ тең функционалды, материяның әртүрлі күйлерін құрауға қатысатын процестер.
А. негізінен метеорология және астрономия қызықтырған. Метеоролог ретінде, А. ойынша, бұршақ бұлттан шыққан судың қатуынан пайда болады;
егер осы қатқан суға ауа араласса, онда қар пайда болады. Жел – тығыздалған ауа. Ауа райының күйлерін А. Күннің белсенділігімен байланыстырған.
А. ойынша, Күн – Жер мен Айға ұқсас дене, ол қатты қозғалыстың әсерінен қызған. Жер мен аспан денелері ауада қалықтап тұрады. Жер қозғалмайды, басқа шырақтар мен планеталар космостық желдердің әсерінен қозғалыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет