Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет479/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   571
Байланысты:
treatise187525

СКЕПТИЦИЗМ (гр. skeptikos – қарастырушы, зерттеуші, сынаушы)
– объективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне шүбә келтіретін филос. концепция. С-нің ақыры агностицизмге және нигилизмге әкеледі. С. қоғам дамуының барысындағы бұрынғы қоғамдық идеалдардың ескіріп, жаңалары әлі күш ала қоймаған кезеңдерде белең алады. Филос. доктрина ретінде С. антикалық қоғамның тоқырауы тұсында (б.з.б. IV ғ.) бұрынғы филос. жүйелерге реакция түрінде пайда болды. Бұл жүйелер бір-бірімен қайшылыққа түсе отырып сезімдік дүниені ақылгөйлік пайымдар көмегімен түсіндіруге әрекеттенді. Пирронның, Аркесилайдың, Карнеадтың, Энесидемнің, Секст Эмпириктің ілімдерінде С. барынша айқын көрінді. Софистер дәстүрлерінде еліктей отырып, алғашқы скептиктер адамның тану қабілетінің салыстырмалылығын формальды дәлелсіздігін және оның әртүрлі шарттарға өмір жағдайларында, сезім орындарының күйін, дәстүрлер мен әдеттерге және т. б. байланыстылығын баса айтты. Жалпы қабылданған және дәлелденген білімнің мүмкіндігіне шүбә келтіру С-нің этикалық негізі болды. Антикалық скептиктер философияның негізгі көздеген мақсаты болып табылатын жан тыныштығына жету үшін жаңсақ пікірлер айтудан сақ болу керектігін уағыздады. Алайда, олардың өздері талқылаудан бас тартқан жоқ, қайта ақылгөйлік филос. догмаларды сынап, әрі С. пайдасын көздеген жайттар (тропалар деп аталатын) ұсынып, шығармалар жазды. Дегенмен де, С. ортағасырлық идеологияның догматизмін текке шығаруда елеулі рөл атқарды. Монтеньнің, Шарронның, Бейльдің және т. б. еңбектерінде теологиялық аргументтерге шүбә жасалды жеке материализмнің қанат жаюына негіз қаланды. Екінші жағының Паскальдің, Юмның, Канттың және т. б. С-і зерде мүмкініктеріне шек қойып, діни сенімге орын берді. Қазіргі философияда С-нің дәстүрлі аргументтерін позитивизм өзінше
қабылдап, тікелей тәжірибе жасау арқылы тексерілмейтін болжамдарды, тұжырымдауды, пікірлерді жоққа шығарады. С. философияда таным элементі ретінде мойындалғанмен (күдік, өзара сын және т. б.), филос. концепция деңгейіне дейін абсолюттендірілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет