Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет563/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ІЗГІЛІК – адамзатының моральдық табиғатын құрайтын, рухани болмысын айқындайтын этикалық категория. Адамның кісілік оң іс-әректін, әдет-дағдысын, мінез-құлқын белгілейтін антропотектік қасиеттерінің жиынтық атауы. І. – адамға ғана тиесілі болатын, оны басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын, адамды өз болмысы шеңберінде болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін субстанциялық бастаманың бірі. І. – моральдық-рухани құндылық. І. – адамға тән табиғи ерік бостандығының көріну формасы. Б.Рассел, «Ізгілік – бұл, Табиғатпен үйлесімдіктегі ерік. Жеке адамның өмірінде ізгілік – жалғыз ғана игілігі», -десе, Стоиктердің пікірінше, ең жоғарғы игілік – ізгілік. «Ізгіліктің мәні ерікте болғандықтан, адам өміріндегі, шын мәнінде, жақсы немесе жаманның бәрі тек өзіне ғана байланысты», -деп жазадыБ.Рассел. І. – тек индивидтің өзіне ғана тәуелді құбылыс. Адам қандай жағдайда болмасын, тіпті ізгілікті күйде өлу – оның өз қолында болмақ. Сол себепті әр адам дүниелік құмарлықтардан азат бола алса, кемел еркіндікке жетіп, ізгілікті бола алады. Әр адам өз тағдырының иесі, өйткені ешқандай сыртқы күш оны ізгі қасиеттерінен айыра алмайды. Егер біз ізгілік – жалғыз ақиқи игілік екенін түсінетін болсақ, онда біздің үлесімізге ешқандай шын жамандықтың қол сұға алмайтынын көреміз. Адам бойындағы І. – жан құмарлығынан, зұлымдық – тән құмарлығынан туатынына ерекше мән беретін, тән қалауын жан қалауына жеңдіру – рухтың мықтылығы деп білген Сократ.Аристотельдің айтуынша, адамзат игілігі – ізгілікке лайықты рух әрекеті. І, ол – рухтың әрекеті саналатын бақыт. Демек бақыт – І. Ізгілікті мақсат бақытқа жету құралы. Сонымен, мақсат – біздің қалауымыз болса, құрал – біздің ойлауымыз бен таңдауымыз. Ал құралға қатысты әрекет таңдау бойынша немесе өз еркімен жүзеге асуы тиіс. Сонымен бірге ізгіліктің әрекеттері құралдармен байланысты. Ізгі адам – жан қалауын бірінші орынға қойған адам. Ең қарапайым әрі изгілікті жол – өзгеге залал келтірмей, өз-өзіңді жетілдіру.Сократ: «Ешкім де саналы түрде ағаттық жасап, күнәлі болмайды, барлық адамдарды ізгілікті ету үшін тек білім қажет», -десе, Платон да ізгілік пен білім арасындағы тығыз байланыс туралы тұжырым жасайды. Спинозаның ойынша, І. білімсіз мүмкін емес, өйткені білім ғана тұлғаның энергиясын ары қарай өмір сүруіне қажетті бағытта алып жүре алады. Энергия біздің тілектерімізден шығады, ал Тілектің бағыты Ақыл ойдан келеді.Ахмет Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», -деп көрсетеді. Білім – І. ордасы мен қордасы десек артық емес. Аристотельдіңайтуынша, кең пейілді адам барлық жақсыға лайықты болуына байланысты сәйкесінше мейірімділіктің де жоғары деңгейіне жетуі тиіс.Нағыз кең пейілді адам мейірімді болуы керек, ал кең пейілділік – ізгіліктің тәжі іспеттес. Сондықтан шынайы кең пейілді болу өте қиын. Оған бекзаттық пен ізгі мінездің көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Жүсіп Баласағұн: «Ей, ізгі жан , ізгілік ет, жаңылма, ізгілікті жұтпас қарттық, қабыр да!.. Ізгілігің қартаймайды, қалады, ғұмыры ұзақ, аты алысқа шабады!», -дей келіп, «Тірлік емес, ізгі ат тіле – тілесең, ізгі атың – тірлігің ол, білесің! ...Атың ізгі болса – тірлік татымды!», -дегенінде І. мінездің маңызы мен мәні жатыр. Ахмет Йассауидің: «...Ізгілерге ізет ет, ...», -дегені сондықтан болар.«Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мәңгілігін ойлаған баласының бойына ізгілік егеді»,-дейді қазақ нақылы. І. – жарқын позитивтілік, ақ жүректілік, зұлымдықтың алдындағы қорқыныштан емес игілік үшін қуанышқа ұмтылу, адамның өзіне тілейтін жақсылықты басқаға да сыйлауға ұмтылу, соқыр сенімнен бойын аулақ ұстап, қарым-қатынаста бәріне адалдық таныту, дүниенің қауіп-қатермен бетпе-бет келгендегі көрегенділігі, ақиқатты қолдау, әділ болу, шанашыр болу, өз мүддесін ел мүддесіне жегу, ел үшін білімін, күш-қуатын, ар-намысын жұмсау, ынсапты да мейірімді болу, атақ-даңқты қумау, тіршіліктің шынайы рахатына ұмтылу, өлімге емес, өмірге көңіл бөлу. І. жалпы әлемнің үйлесімді дамуындағы негізгі онтологиялық субстанциялардың ретін құрайды. Ізгі іс – адамның адами болмысын құрастырушы уникумның бірі. Ізгі әрекет – жалпы руханилықты қалыптастырушы элемент.
Әдебиет: Бертран Рассел. Батыс философиясының тарихы. Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. -2020.; Түркістан газеті. № 51(1117) 24 желтоқсан 2015.; Реми Хесс. Философияның ең таңдаулы 25 кітабы. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. -2018.; Ұлт рухы: қанатты сөздер / Е.Зәңгіров –Алматы: «Arna-b», 2015. -160 б.; Мекемтас Мырзахметұлы. Мені Абай ілімі тазартты //Almaty Akshamy №116 (5779), 28.09.2019.


ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЭТИКА – моральдың негізі адам табиғатынан Э
тамыр алады дейтін этикалық теориялардың бір түрі. Этикаға эволюциялық
көзқарасты ағылшын ғалымы. Г. Спенсер қалыптастырған. Алайда Э. э-ның негізгі идеялары филос. эмпиризм және этик. сентиментализмнен алынып, осы ілімді жаратылыстану ғылымы тұрғысынан негіздеуге тырысқан екін- ші бір ағылшын ғалымы Ч. Дарвин тарапынан ұсынылған еді. Дарвиннің негізгі идеялары бойынша: қоғам әлеум. инстинктер арқасында өмір сүреді, адам тілінің арқасынада қоғамдық пікір туындайды, әлеум. инстинкт әдет- пен бекиді, т. б. Э. э. адамның моральдық мінез-құлқын қоршаған ортаға бейімделу функциясы ретінде қарастырады. Адамгершілік өлшемі бүкіл тіршілікті қамтитын даму процесі деп саналады. Оның дамуына ықпал ететін – ізгілік те, қарсы әрекет ететін – зұлымдық. Э. э. зерттеушілер этика- филос. көзқарастардың теор. мұраларынан бас тартып, моральды мақсатты немесе адаптивті мінез-құлық формасы ретінде сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет