240
ежіктеуге айналдырып алмау үшін, оны көркем творчсствоның
психологиясымен тығыз байланыстыра білу қажет. Ал «творчествоның
психологиясы әлі толық туып үлгермеген ғылым» (Б.Мейлах).
Қиындық мұнымен де бітпейді. Әдебиет теориясын бірыңғай
құрғақ қисынға, жасаңды заңға айналдырып алмау үшін, оны
жазушының шеберлігімен тығыз байланыстыра білу қажет. Ал
шеберлік шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын, өйткені әр суреткер
«бар ғұмырын тек шеберлік жолына сарп етіп өтеді» (К.Федин). Сонда
да шеберлік
шегіне жете алмай кетеді, бірақ осы қиындықтардың
бірде-біріне қарамастан, әлгідей үш нәрсенің (әдебиеттің теориясы,
творчествоның психологиясы, жазушының шеберлігі)
басын бір
жерге біріктіре отырып, қайткен күнде де орасан ірі және іргелі
үш нәрсені: а) көркем
әдебиеттің болмысы мен бітімін, ә) әдеби
шығарманың сыры мен сипатын, б)
әдеби дамудың мағынасы мен
мәнін өзімізше парықтап, ғылыми сипатта зерттеп шығу қажет
болды. Қазақ әдебиетінің теориялық проблемаларын
тек осы ретпен
талдап-тексеру мүмкін еді.
Біз мүмкіндігінше солай еттік.