Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет54/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Литота
(грекше
 – 
litotes
 – 
қарапайымдылық).
 
Образды сөздің бір түрі 

литота.
Әсірелеу мен литота бір нәрсенің екі жағы тәрізді. Екеуінің 
айырмасы: әсірелеу бір құбылысты өте үлкейте суреттесе, литота бір 
құбылысты өте кішірейтіп суреттейді. Мысалы:
Етектейін еріннен. 
Екі елісі
 
қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты. 
Жалбыраған жалынан 
Жалғыз қарыс қалыпты.
Күлтеленген құйрықтан,
Бір тұтамы қалыпты.
(«Тарғын» жыры)
Литота да, әсірелеу сықылды, автордың не айтайын дегеніне тығыз 
байланысты. Оқиға, жағдайға, суреттейін деген өмір құбылысына 
лайықты түрде таңдалынып алынады. Махамбет бір өлеңінде:
Таудай болған талаптың 
Назары қайтқан күн болған...
Телегей-теңіз шалқыған 
Қоғалы көлдер суалып
Тізеге жетер-жетпес күн болған.


84
Жапанға біткен бәйтерек 
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурат кеңес сұралса,
Мәшурат берер ер едік.
Исатайдан айырылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған, – дейді.
Бұл – халық көтерілісі жеңіліске ұшырап, Исатай өлгеннен кейін 
шығарылған өлең. Ханға қарсы көтрілушілердің басындағы ауыр халді 
айқынырақ етіп суреттеу үшін ақын өмірдің әр алуан құбылысын өте 
кішірейтіп көрсетеді. «
Көлдер – тізеге жетер-жетпес», «Бәйтерек – қу 
түбір
», т.б. Осылардың бәрі де өлеңдегі ойдың негізгі қазығы. «Исатайдан 
айырылып, дем құрыған күн болған» деген жолдағы пікірді оқушылардың 
ой, сезіміне әсерлі, күштірек етіп жеткізу үшін қолданылып отыр.
Әсірелеу мен литотаны кейбір әдебиетшілер троптың бір түpi деп 
қарайды, ал кейбір әдебиетшілер көркем тілдің ерекше бір түрі деп біледі. 
Шындығында, осы соңғы пікір шыңдыққа жақын, өйткені троптың 
қай түрін алсақ та, сөз мағынасында емес, ауыстыру, алмастырып айту 
мағынасында қолданылады. Әсірелеуде өмір кұбылысы, қимыл, іс әрекет

көрсетпек нәрсе қаншама үлкейтіліп айтылғанмен де, сөз өз мағынасында 
қолданылады. Зат,
іс-амал, құбылыстар не өте үлкейтіледі, не өте 
кішірейтіледі, бірақ өзінің бұрынғы мағынасынан ауыстырылмайды.
Әсірелеу де, литота да өмір құбылысын суреттеудегі көркем тілдердің 
негізгі бір түрі есебінде бұрынғы және соңғы әдебиетімізден де орын 
алады. Әсірелеу де, литота да ауыз әдебиетінде, эпостық поэмаларда көп 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет