Стерилизациялау әсерінің шамасы бойынша стерилизациялау формуласын анықтау . Стерилизациялаудың тиімділігінің белгісі ретінде
микроорганизмдердің
инактивациялану
дәрежесін
пайдалана
отырып,
стерилизациялау формуласын практикалық, аналитикалық және графикалық
тәсілдермен анықтайды.
Практикалық тәсілге сәйкес ,
консервіленетін шикізатқа белгілі бір
мөлшерде мейлінше кеңінен таралған, термиялық жағынан төзімді бактериялар
түрін еңгізеді және А, С, Т көрсеткіштерінің
тұрақты мәнінде В ұзақтығын кең
көлемде өзгерте отырып, тәжірибе жолымен стерилизациялаудың қажетті тәртібін
анықтайды. Мұндай әдіс қол еңбегін көп керек етеді, әрі қателікке ұрындырады.
Аналитикалық әдістемеге сәйкес ,
автоклав пен банкінің ортасындағы
температура тәуелділігін анықтау, соның негізінде автоклавтағы жұмыс тәртібін
және консервідегі микроорганизмдердің өлу жағдайын бақылауға алады.
Аналитикалық әдістемені
пайдалану
,
консервілерді жылу беру жолымен қыздыру
жағдайында автоклавтағы температура айырмашылығының логарифмы және
қыздыру уақытының арасындағы тәуелділік түзу сызықты болған кезде мүмкін
болады. Аналитикалық әдістемені тәжірибелік қолдану
,
есеп формуласына енетін
кейбір өлшемдердің маңызын эксперименталді жолмен анықтауды талап етеді.